20
Даналық ойдан дән ізде
емес, ғылым қалдырады»
деген хадистерінде білдірді.
Ендеше, бұл мұра – титтей де жалған сөз араласпаған
нағыз ақиқат. Ол мұраның негізгі бір сыры сол – онда
айтылғандар Алланы, барша ғаламды және адамды
тануға негізделді.
Әлемнің жаратылысындағы заңдылықтарды, ондағы
үйлесімді жүйені жақсы меңгерген адам кез келген
пәнді тез игерері сөзсіз. Бүгінгі жаңа ғасырдың ғылыми-
технологиялық жетістіктері осы заңдылықтарды дұрыс
бағамдаудан туған.
Қасиетті Құран аяттарының астарында әрбір жаңа
дәуірге тән ең соңғы жаңалықтардың сырлары жа-
тыр. Алла тағала бұл туралы мынадай аят түсірген:
«
Ашылмаған ғайыптың сырлары Аллаға мәлім.
Оны Алланың Өзі ғана біледі. Құрлық пен теңіздегі
нәрселердің бәрін Алла біледі. Бір жапырақ үзіліп
түссе де, Алла оны біледі. Жер қойнында көміліп
қалған бір түйір дән де, қураған немесе жас өсімдік
болсын, барлығы да ап-анық Кітапта жазулы
»
(«Әнғам» сүресі, 59-аят). Демек, нағыз ғылымды
Құраннан іздеген жөн. Бүгінгі адамға пайдалы
ғылымның бәрі Құраннан тарайды. Мұқағалидың дінді
ғылым анасына балауының бір сыры осында.
Ғылымнан үміті бар жандар әрбір нәрсені өз жа-
ратылыс мақсаты байланыстыра зерттеуі тиіс. Сонда
тірі ағзалар жаратылысын игерген жан биолог болмай
қоймайды. Теңіз жаратылысына қызыққан адам их-
тиолог, аспан әлемінің үйлесімін зерттеуші астроном
бола бастайды. Сол сияқты бұл дүниедегі әрбір заттың
мәніне үңілген сайын жаңа ғылым тармақтары шыға