Previous Page  17 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 17 / 192 Next Page
Page Background

17

Даналық ойдан дән ізде

ладан қорқу», 6-бет). Ендеше, Алланы танып-білуге

жетелейтін сезімдердің бірі – үрей. Негізінде, әр адам

ақырым не болар екен деп үрейленгені дұрыс. Алладан

да, ақыретінен де қорықпай, қағанағы қарқ, сағанағы

сарқ болып отырғандарға Құран сырлары оңайлықпен

ашыла қоймасы анық. Құранға деген иман артқан сайын

одан алар пайда да ұлғая бермек. «Ғылым-білім сөздің

көптігіне емес, қорқудың көптігіне байланысты» деген

Ибн Масғұт ел ішінде ғылымымен де, тақуалығымен

де танымал сахаба еді (Тәфсирул – мунир, 22-том, 261-

бет).

Құран – күллі даналықтың қайнар бұлағы. Мәселен,

мына бір аятқа көз жүгіртіп көрелік: «

Жердегі тіршілік

иелері мен екі қанатымен ұшқан құстың баршасы

өздеріңе ұқсаған үмбеттер. Біз кітапта ешбір нәрсені

қалыс қалдырған жоқпыз

» («Әнғам» сүресі, 38-аят).

Әрине, Құранда тіршілік иелері мен құстардың бар

екендігі ғана емес, олардың түр-түсі, мінезі, адамға пай-

дасы, жаратылу мақсаты, қысқасын айтқанда олар жай-

лы барша ақиқат қамтылған. Ал енді Алла тағала Лаухул

махфузда олардың ешбірін қалдырмай жазған болса,

жер бетінде де оларды ғаламдық жүйе мен үйлесімді

бұзбайтындай етіп ғажайып дәлдікпен жаратқан.

Өйткені жоғарыда айтқанымыздай, Құранның мазмұны

мен ғаламның мазмұны бір-біріне дәлме-дәл сәйкес.

Ал енді қандай ғылым болмасын, осы бір ғажайып

үйлесімді айналып кете алмайтыны бізге белгілі.

Бір өкініштісі, бүгінгі таңда ғылымға ден қойып, жа-

ратылыс сыры мен хикметтерін зерттесем дейтін жастар

тым аз. Талапкерлердің көбі заңгер болсам, экономист

болсам, әкімшілік жүйеде қызмет етсем, оңай жолмен

ақша табудың оқуына түссем деген армандарын жасыр-