44
Даналық ойдан дән ізде
алады? Қайраты шектеулі болмаса, күн санап қартайып
жатқанын тоқтатуға кімнің құдіреті жетеді? Тақап кел-
ген ажалға кім қарсы тұра алады?! Тірі жанның өмірі
өлшеулі, ал мақсұт-мұраты тым алыста. Мақсұт деген
– адамның өмірде бітіре алмаған шаруалары. Кейде бір
күндік істерімізді кешке дейін бітіре алмай пұшайман
күй кешеміз. Ал бір күніміз емес, бүкіл өміріміз соңына
тақалғанда, өкінішіміз қаншалықты еселенерін өзіңіз
ойлай беріңіз. Ғұмыр бойы діттеген биігіне жете алмай,
асуынан аса алмай, алдына қойған мақсатына жете ал-
май жүргенде тіршілігі де бітіп қалғанын терең ұғынып:
«Қап, әттеген-ай, өмірдің қысқалығын қарашы!» деп са-
нын соғатындар да көптеп ұшырасады. «Мақсұт – алыс,
өмір – шақ» дегеннің бір себебі осы.
Екінші қырынан, мақсұттың алыстығы ақырет
жұртына байланысты. Мәңгілікпен салыстырғанда жер
бетіндегі бүкіл өмір бір сәтке де тұрмайды. Қасиетті
Құранда: «
Қиямет қайым орнағанда күнәһар пен-
делер дүниеде тек бір-ақ сағат болдық деп ант
етеді
» деген аят бар («Рум» сүресі, 55-аят). Ал шын
бақытты іздеген жанның бар мақсұты – Алланың
разылығына бөленіп, мәңгі өмірде бақытты болу. Бұл
жайлы қасиетті аятта былай делінген: «
Алланың саған
берген бар мүмкіншілігімен ақырет жұртын іздеп,
соған ұмтыл. Бірақ дүниедегі несібеңді де ұмытпа
»
(«Қасас» сүресі, 77-аят). Ардақты пайғамбарымыз
(с.ғ.с.) бірде Әбу Зәрр деген сахабасына былай кеңес
берді: «
Кемеңді мықтап сайлап ал, алдымыздағы теңіз
тым терең. Жол азығыңды молырақ ал, сапарымыз
ұзақ. Жүгің де жеңіл болсын, алдымыздағы өткел тым
қатерлі. Әр ісіңде ықыласты бол, себебі бақылаушы
Алла әрқашан көріп тұр
». Бұл хадистегі терең теңіз,