45
Даналық ойдан дән ізде
ұзақ сапар, қатерлі өткел – бәрі де ақыреттің күйі. Өмірі
шақ, мақсұты алыс болса, мұсылман адам жас кезінен
бастап ізгі амалдарын көбірек жасап, құлшылықтарын
тереңдетіп, ықыласын күшейтіп өмірдің қадірін білгені
дұрыс. Бұл өмірден табатынымыз – Алла тағаланың
бұйрықтарын орындау, иманымыз, намаз бен оразамыз,
басқа ізгі істеріміз болады. Алла тағала осыларды сауда-
лайды. Олардың орнына өзінің разылығы мен мәңгілік
бақыт тұрағы жұмағын сыйлайды. «
Уәделеріңе берік
болыңдар, сонда мен де өз уәдемді орындаймын
»
дейді («Бақара» сүресі, 40-аят).
Адамның ең үлкен өмір базары – оның жастық
шағы. Өміріміздің түсі ауып, кеші таяған кезде атқарған
құлшылығымыз базар қайтыстағы сауда секілді.
Ол ертең бізге пайда беруі де, бермеуі де мүмкін.
Сондықтан хакім Абай:
Өткен соң базар,
Қайтқан соң ажар,
Не болады құр қожақ?! – деп осы мәселеге екпін
түсіріп отыр. Шумақты данышпан атамыз:
Кеш деп қайтар жол емес,
Жол азығым мол емес,
– деп түйіндейді.
Алла тағала бәрімізге рухани азықты мол жинауға
жазсын.