Previous Page  50 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 50 / 192 Next Page
Page Background

50

Даналық ойдан дән ізде

қайсысы маңыздырақ деген салмақты сауалдың осын-

дай бір нәзік тұсын тайға таңба басқандай көрсетіп

берген.

Ақыретке деген сенімнің адам баласы үшін

көптеген пайдалары бар. Соның бұл дүниеге қатысты

бірқатарына тоқталмақпыз.

Адамзат баласы үшін жер бетінде азғындық пен

бұзақылық жасаудан, жазықсыз қан төгуден, бейкүнә

жандарға жапа шектіруден, жалпы қиянат пен азғындық

атаулыдан арылудың ең негізгі бір жолы – осы Ақырет

күніне сену. Осы тұрғыдан алғанда, дінімізді әлеуметтік

ғылым тұрғысынан тануда да, қоғамның ең шиеленісті

деген мәселелерін шешуде де діннің мүмкіншілігі мен

пайдасы орасан.

Жеке тұлғаның, отбасының, жалпы қоғамның

дұрыс тыныс-тіршілігі де ірілі-ұсақты әрбір істің есебі

берілетін Ұлы билік күніне сенуге байланысты. Қасиетті

Құран кәрімде:

«Кімде-кім тозаңның салмағындай

жақсылык жасаса, соның қарымын алады. Ал кім

тозаңның салмағындай жамандық жасаса, соның

жазасын тартады»,

– деп ескертілген («Зілзала» сүресі,

7,8-аяттар).

Жастықтың желігімен әр түрлі әдепсіз қылықтарға

бой алдырып, ар-намысқа жеңіл қарай салатын жас

жеткіншектердің аптығын басудың бір емі – ақыретке

иман. Сондай-ақ өмірінің аяқталып келе жатқанын ой-

лап, алдағы өмірін уайымдап, қайғыға батқан қарияларға

жарқын үміттің шырағын жағатын да осы ақыретке

иман.

Бұл дүниеде ет бауыр жақындарынан айырылып

жаны жараланып, көңілі құлазыған жандарды да мах-

шар күніне деген қуатты сенім мол күйзелістен арылта-