Previous Page  53 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 53 / 192 Next Page
Page Background

53

Өсек өрттен де қауіпті

Шығыстың әйгілі ойшылы Жүсіп Баласағұн өз

өлеңдерінің бірінде адамның да, қоғамның да ең

жексұрын қасиеттерінің бірі өсек туралы: «Өсекшіні

жолатпа үйге, дарытпа, Естігенін түгел жаяр халыққа»

дейді. Абай атамыз да адамның бес дұшпанының

қатарына «өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал

шашпақ» деп алдымен өсекті жатқызады.

Өсек-ғайбаттың алдын алып, емдеу шараларын

тезірек қолға алмаса, ол бірте-бірте ұлғайып, келе-

шекте бүкіл халықты рухани жұтаңдатып, әлсіретері

сөзсіз. Өкінішке орай, бүгінде екі адамның басы қосыла

қалса, көп жағдайда әңгіменің арқауына үшінші біреу

айналатынын байқаймыз. Егер ол өзгелердің жақсы

қасиеттерінен үлгі алу мақсатында айтылса ғой. Бірақ

көбінесе, әлгі адамның кемшіліктері тілге тиек етіледі.

Соның салдарынан онсыз да бір-бірін жақсы көрмей

жүрген адамдардың арасында ғайбаттың оты лаулап,

қастықтары одан бетер өршиді.

Біреудің сыртынан басқа біреуге оның бойындағы

кемшіліктерді айтуды шариғатта «ғайбат» дейді. Ғайбат

– дінімізде қатаң тыйым салынған күнәлі қылық.

Бір адамның дене бітіміне, мінезіне, тегіне, ісіне,

сөйлеген сөзіне, киген киіміне қатысты кемшіліктерді

оның сыртынан айту – ғайбат. Сөзбен айтылмаса да,

жай ғана ишарамен, ыммен, қимылдарымен біреуді

кемсітсе, ол да анық ғайбат. Жазу арқылы да біреу тура-

лы ұнамсыз пікір білдірсек, ол да осы күнәнің шеңберіне

кіреді. Біреу туралы әңгіме болып жатқанда «Аллаға