Previous Page  59 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 59 / 192 Next Page
Page Background

59

Таза мінсіз асыл ой

Күні-түні ойымда бір-ақ тәңірі

Өзіне құмар қылған оның әмірі.

Халиққа махлұқ ақылы жете алмайды,

Оймен білген нәрсенің бәрі дәһрі, – деген Абай ата-

мыз күндіз-түні бір Алланы ойлаудың маңызын білдірген.

Жаратылысқа терең ой жүгіртіп, Жаратушының хикметін

ұға отырып өзі де қазақтың ұлы ойшылына айналды. Тағы

бір өлеңінде: «Сүйенген, сенген дәурен жалған болса,

Жалғаны жоқ бір Тәңірім, кеңшілік қыл» деп екі дүниеге

қатар ой жүгіртеді.

Кез келген ұлт өзінің жоғалтқан құндылықтарымен

қайта қауышып, жарқын келешекке қадам басуы үшін

терең ойлы, ақылды азаматтарға, ойшылдарға мұқтаж.

Бүгінгі таңда қазақ халқы да қолға алған мәселесін

ақиқат тұрғысынан терең салмақтай алатын, тари-

хымызды қопарып зерттей алатын және ойларын ел-

жұртқа жеткізе білетін, діні мен діліне берік, таза рухты

жандардың қажеттілігін сезіп отырғаны анық. Алайда

қазір ойшыл адамдар қашан шығады деп күтіп отыр-

май, ел ішіндегі жастарды терең ойлай білуге, ойшыл

болуға тәрбиелеудің маңызы зор. Еліміздегі әрбір жасты

алмастай өткір ойлы, болаттай мықты пікірлі болуға

баулуды бүкіл ел болып күн тәртібіне қоюымыз қажет.

Ал ештеңеге қызықпайтын, ой соңына түспейтін, ас ішу,

аяқ босатуды ғана ойлайтын жастар жарқын келешектен

үміт күттіре алмайтыны шындық.

Терең ойлау діни еңбектерде «тәфәккур» деп ата-

лады. Бұл сөз қазақ тілінде «ойлау, пікір ету, ақылға