62
Ата-ананың қадірі
Қазақтың әйгілі жырауы әрі батыры Ақтамберді
Сарыұлы «Әй, азаматтар, шоралар» деген өлеңінде
былай дейді:
«Меккені іздеп не етесің
Меккеге қашан жетесің?!
Әзір Мекке алдыңда,
Пейілменен сыйласаң,
Атаң менен анаңды».
Пайғамбарымыз дүниеге келіп, Алланың есімін
әлемге жаю пәрмені түскен қасиетті мекен, әр бас намаз
үшін жүз мың сауап жазылатын орын, байтақ дүниенің
кіндігі Қағба орналасқан Мекке қаласының ерекшелігін
білмейтін мұсылман кемде-кем. Сан мүминдер жыл сай-
ын көз жасы көл болып, Раббысының рақымын іздеп
осында қажылық рәсімін атқаруға келеді.
Осыншалықты мол қасиетке ие Мекке қаласына ба-
рудан да жоғары тұратын бір істі Ақтамберді жырау на-
сихат етіп отыр. Ол – шын пейілмен ата-ананы сыйлау.
Қасиетті Құранда «Ниса» сүресінің 36-аятында
«Аллаға
еш нәрсені серік қоспай құлшылық қылыңдар. Әке-
шешеге жақсылық жасаңдар»
деп, Алла тағалаға серік
қоспай құлшылық етуден кейінгі ең ұлы міндет – ата-
анаға жақсылық жасау бұйырылған.
Ардақты пайғамбарымыз (с.ғ.с.) миғражда Алла
тағаланың құзырына көтерілгенде, Жәбірейіл періштеге
ілесіп жаннат пен тозақтың тіршілігін көрді. Жәннаттың
әсем бақтарын аралап жүргенінде сонау дүние әлемінен
жетіп жатқан нақышына келтіріліп оқылған Құран дау-