

57
Өнер-білім бар жұрттар
Қазақтың ағартушыларының бірі Ыбырай атамыз:
Өнер-білім бар жұрттар,
Тастан сарай салғызды.
Айшылық алыс жерлерден,
Көзіңді ашып-жұмғанша,
Жылдам хабар алғызды.
Аты жоқ құр арбаны,
Мың шақырым жерлерге,
Күн жарымда барғызды, – деп өз заманындағы өнерлі
елдерді жастарға үлгі ете жырлайды. Байқап қарасақ,
бүгінгі ХХІ ғасыр қауіп-қатер, қиыншылықтарымен
бірге жақсылығы мен мүмкіндіктері де мол ғасыр.
Ғылым да, жаңа технологиялар да дамыған заман. Алай-
да мұсылмандар әлемі осы мүмкіндіктерді әзірге ба-
рынша кең пайдалана алмай жүрген секілді. Құрандағы
«
Оларға «білетіндер мен білмейтіндер тең бе?» деп
айт. Шын мәнінде, ақыл иелері ғана ғибрат ала ала-
ды
» («Зүмар» сүресі, 9-аят) деген аятты оқып өскен
мұсылмандардың бүгінде ғылымы артып тұр дей ал-
маймыз.
Бүгінгі ғылым мен техниканың жетістіктері,
адамзаттың ойлау кеңістігі шырқау биіктерге самғап
кетті. Техникалық жүйелер, технологиялық ағымдарды
бұрынғы дамумен салыстыруға да келмейді. Бұрын жа-
зылмастай көрінген дерттердің дауасы табылып жатыр.
Мұсылман елдері бұл жағынан, өкініштісі, кешеуілдеп
келеді. Ал тарихта бүкіл ілім Исламнан, Құраннан
басталғанын бәріміз білеміз.