52
Даналық ойдан дән ізде
Сондай-ақ ар-намысын жауыз қолынан құтқара ал-
май, жүрегінде кек қайнаған шарасыз жәбірленуші де
ұлы Ақырет күнінде Жаратушы иеміздің құзырында
тұрып, залым адамның жағасынан алып, қарымта ала-
рына шын сенсе, көңіліне жұбаныш табады.
Қысқасы, бұл өмір ақыреттің кіре беріс қақпасы
іспеттес. Бейнелеп айтқанда, ақыреттік жемістерді
егетін егін алқабы. Міне, осыны кәміл ұғынған жан
ата-анасы мен перзентіне, ел-жұрты мен отанына көп
жақсылық жасайды, көп еңбек етеді. Ар-ұятын ойлайды,
ешкімнің ақысын жемейді, әркім өзіне тиесілі міндетті
Алла разылығы үшін мүлтіксіз орындауға тырысатын
болады.
Ардақты пайғамбарымыз (с.а.с.) ақыретке де-
ген сенімнің осындай өшпес ұшқынын адамдардың
жүрегінде тұтатты. Сондықтан сахабалардың баршасы
үнемі жақсылық жасауға ықылас танытқан.
Жасаған әрбір ісінің, басқан әрбір қадамының,
сөйлеген әрбір сөзінің арғы дүниеде есебін беретініне
бек сенген адам жаманшылық атаулыдан, жалпы
күнәдан алыс жүреді. Ендеше, бірлік-ынтымағы
жарасқан тату елге айналғымыз келсе, онда үлкеннің де,
кішінің де жүрегіне Ақырет күніне деген айқын сенімді
ұялатуымыз керек-ақ.