63
Даналық ойдан дән ізде
сын естиді. Оқып отырған дауыс та өте таныс. Дауы-
сы жаннатқа жетіп тұрған бұл қай бақытты құл екен
деп Алла елшісі қайран қалды. Жәбірейіл періштеден
сұрағанында: «Бұл Харисату ибн Нұғман деген, анасы-
на құрақ ұшып қызмет етіп жүретін жігіт» дейді. Сон-
да пайғамбарымыз «Анаға жақсылық деген осы» деп
үш рет қайталайды. Өзге қаншама тақуа жандардың
емес, анасына жақсылық жасаушының даусы жаннатқа
жетіп отырғанына қарап, әке-шешеге құрмет көрсетудің
қаншалықты биік мәртебе, теңдессіз құлшылық екенін
аңғару қиын емес.
Бірде пайғамбарымыз (с.ғ.с.) үйінде сойылған
қойдың етін жіліктеп отыр еді, бір әйел жанына кіріп
келді. Алла елшісі оны көре сала, орнынан ұшып
тұрып, үстіндегі шапанын жерге төсеп әлгі ерекше
ілтипат көрсетті. Сахабалардың бірі: «Бұл кісі кім?» деп
сұрағанда, танитындардың бірі: «Бұл расулаллаһтың сүт
анасы Халима ана ғой» деп жауап берді.
Ата-ананың баласы үшін еткен еңбегін санап тауы-
су қиын. Асыл ана аязды күні айналып, боранды күні
толғанып, тар құрсағын кеңітіп, тас емшегін жібітіп,
баласын жаны қиналып тоғыз ай, он күн көтеріп жүреді.
Оның бәрі былай тұрсын, өмір мен өлімнің арасында жа-
тып дүниеге әкеледі. Бүкіл қайғысы мен қиыншылығын
ұмытып, іңгәлаған сәбиіне жүзі мейірімге тұна оты-
рып ақ сүтін береді. Түн ұйқысын төрт бөліп, мұздай
бесік таянып жұбатады. Жуындырып, киіндіріп,
жылы жұмсағын аузына тосып, жаурап қалмасын деп
көрпесін қымтап, жылы алақанымен басынан сипап,
маңдайынан иіскеп бауырына басып өсіреді. «Сенің
табаныңа кірген тікен менің маңдайыма қадалсын»
деп жан-жүрегі мен бүкіл мейірімін перзентіне төгеді.