11
Даналық ойдан дән ізде
өсекке бейімдік, атаққұмарлық секілді қасиеттерге бола
кейбіреулерден жерініп жатамыз. Бірақ кісінің мінезін
жек көрсек те, өзінен безу дұрыс емес. Кез келген адамға
қарап көріңізші. Алла оны қандай әдемі жаратқан. Көзі
көреді, құлағы естиді, тілі сөйлейді, саусақтары икемді.
Санай берсек өте көп. Адам баласының тек осындай
ардақты жаратылыс болғанының өзі сүюге, құрметтеуге
әбден лайық.
Ғалымдардың пікірінше, махаббаттың үш түрі бо-
латын көрінеді: 1. Ләззат үшін жақсы көру. Ер мен әйел
арасындағы сүйіспеншілік осыған жатады. 2. Пайда үшін
жақсы көру. Әркімнің өзіне пайда келтіретін нәрселерді
жақсы көруі. 3. Бір нәрсенің шын артықшылығын мой-
ындап жақсы көру. Мысалы, біреуді ғылым-білімі үшін
құрметтеу («Маусуатуль фиқһия». 36-том, 186-бет).
Адамды сүю мәселесіне тағы бір қырынан ке-
лер болсақ, мұсылман қауымы ең алдымен, ардақты
пайғамбарымызды, оның әулетін, саңлақ сахабаларын
ардақтауы керек. Шариғаттың да, адамшылықтың да
талабы осы. Бұл махаббат адамның иманына да әсер
етеді.
Ал Алланың адамға деген махаббатын қалай
байқаймыз? Ғұламалар адамға берілген материалдық
және рухани игіліктер Алланың ол пендеге деген
махаббатының көрінісі екенін айтады. Олардың
көшбасында, әрине, иман тұрады. Одан кейін Алла
тағаланың ол адамды күнәлары үшін бірден жазала-
май кешіріммен қарауы, тәубелерді қабыл етуі, Өзі
жақсы көретін және разы болатын істерге құлының
бет бұруына жәрдем беруі, он екі мүшесін сау етуі, т.б.
келеді («Маусуатуль фиқһия». 36-том, 186-бет).