Previous Page  6 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 6 / 192 Next Page
Page Background

6

Даналық ойдан дән ізде

Бұқар, Абай, Базарлары айтқан жыр шумақтары ақиқат

дініміз тұрғысынан талданады. Ердің құнын екі ауыз

сөзбен шешіп үйренген халық үшін мұның берері

мол. Екіншіден, талдауға алынған тақырыптардың

өзектілігін де атап өткен мақұл. Уағыздарда еліміздегі

жеке адамдардың, отбасылардың, жалпы мемлекеттің

бүгіні мен келешегіне қатысты түйткілдерге көп

көңіл бөлінгені анық. Үшіншіден, даналық ойлардың

астарындағы діни мазмұнды кеңінен ашуға талпыныс

жасалған. Шумақтың мазмұнын талдау барысында

жаңа заманның талаптары, ғылым-білім мен техноло-

гия салалары да шебер қамтылған. Мәселен, Ыбырай

Алтынсариннің «Өнер-білім бар жұрттар» деген өлеңіне

қатысты тұжырымдары осы ұстанымды байқатады.

Көп мағынаның қысқа ғана уағызға сыйыстырылуы

да маңызды. Бұл да шеберлікті қажет ететін дүние.

Сондай-ақ жинаққа енген уағыздарда мұғалімдер мен

дәрігерлерге, ғалымдар мен кәсіпкерлерге қатысты ой-

толғамдар, байламдар жасалған.

Бұл жинақта көбінесе Абай атамыздың руха-

ни мұрасы сөз болған. Әлбетте, қазақтың бас ақыны

қалдырған әрбір сөз хикметке толы. Оның мазмұнын бір

кітапта толық қамту оңай емес. Екінші жағынан, хакім

Абайдың «Адамды сүй, Алланың хикметін сез», «Алла

деген сөз жеңіл», «Махаббатпен жаратқан адамзатты»

деген секілді даналық сөздері Ислам ғұламаларының

діни тұжырымдарымен астаса тілге тиек етілгенде,

оның оқырманға да әсерлі болатыны анық.

Әрине, бұл зерттеу осымен тоқтап қалмас. Бабалар-

дан қалған ұлағатты үгіттей отырып, елді имандылыққа,

ақыл-парасат пен адамгершілікке үндеу жұмыстары

жалғасын табады. Осы арқылы жас ұрпақ санасына сан