183
Бірде ауылда беташар тойы
өтті. Бірақ жаңа түскен келін:
«Беташар кезінде үлкендерге сәлем
салмаймын. Өйткені ол ең үлкен
күнә – «ширкке» яғни, Аллаға серік
қосуға жатады» деп байбалам салды.
Жиылған жұрт түкке түсінбей,
«Сонда, ғасырлар бойы исламды
ұстанған ата-бабаларымыз, оның ішінде қанша
ғалым-ғұламалардың «үлкен күнәні» білуге өресі
жетпей, сендердің білімдерің жеткен екен ғой»
деп қарсылық білдірді.
Келіннің
үлкендерге
«сәлем
салу»
үрдісінің Жаратқанға серік қосуға жатып-
жатпайтындығын нақты шариғи дәлелдермен
айқындап берсеңіз?
Иіліп сәлемдесуге ешбір көрнекті ислам ғалымы
«ширк»
деп үкім шығармаған. Пайғамбарымыздың
(с.а.у.)
«Иіліп сәлем бермеңдер, олай істеу – Алла
Тағалаға серік қосуға жатады, яки, тозақта
азапталасыңдар»
деген тәрізді иіліп сәлем беруді қатты
ескертіп келген сахихты былай қойғанда, әлсіз де бол-
са, ешбір хадисі жоқ. Иіліп сәлем беруге байланысты
әт-Тирмизидің хадис жинағында Әнас ибн Мәликтен
риуаят етілген мынандай бір ғана хадис бар.