Previous Page  181 / 288 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 181 / 288 Next Page
Page Background

181

Дін мен Діл

Бұған қоса

«Кәнзул-уммал»

атты хадис кітабында

мына бір риуаятты көреміз.

Екі яһуди келіп пайғамбарымыздан тоғыз ашық

мұғжиза жайлы сұрайды. Пайғамбарымыз сұрақтарына

жауап бергеннен кейін екі яһуди пайғамбарымыздың

қолы мен аяғын сүйіп, пайғамбар екендігіне куәлік

келтіреді. Бұл риуаят Сафуан ибн Ассалдан риуаят

етілді. Хадистің дәрежесі

«хасан сахих»

236

. Егер қол

сүйіп құрмет көрсету харам болғанда пайғамбарымыз

қолын сүйдірмес еді.

Имам ән-Нәуауий былай деді:

«Кісінің қолын абы-

ройы, тақуалығы, ғылымы секілді діни істері үшін сүю

мәкрүһ емес, тіпті мұстахаб амалға жатады. Ал егер

байлығы, мықтылығы яки дүниелік мансабы үшін бол-

са, онда қауіпті мәкрүһ амалға жатады»

237

.

Демек, қол сүю арқылы құрмет көрсетуде кісінің

ішкі ниеті өте маңызды. Сүйгізуші мен сүюшінің

ниеттері бұл мәселенің үкіміне тікелей әсер етеді. Яғни,

кісіні дүниелік мақсаттар үшін, яки оның мансабы мен

байлығы үшін сүю дұрыс емес. Ал қолы сүйілетін кісі

өзгелерден әрдайым өзінің қолының сүюілуін іштей

күтсе, тәкаппарланып паңданатын болса, ол да дұрыс

емес. Қол сүйіп құрметтеуге байланысты осы нәзік

қағидалар сақталған жағдайда қол сүйіп құрметтеуге

шариғатымыз рұқсат етеді.

236

Сунанут-Тирмизи, Ибн Мәәжа, Әбу Дәәуд.

237

Тухфатул-әхуази.