Previous Page  176 / 288 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 176 / 288 Next Page
Page Background

176

Дін мен Діл

«Көркем мінез-құлық, жүріс-тұрыста және жара-

тылыста (басқа бір риуаятта сөз сөйлеуде) Фатима-

дан артық Алла елшісіне (с.а.у.) ұқсас ешкімді көрме-

дім. Фатима оның үйіне кірген кезде пайғамбарымыз

(с.а.у.) орнынан тұратын да оның қолын алатын әрі

(екі көзінің ортасынан немесе маңдайынан) сүйетін.

Сосын өз орнына отырғызатын еді. Ал Пайғамбарымыз

оның үйіне кірген кезде Фатима орнынан тұратын да

қолын алатын әрі (қолынан) сүйетін. Сосын өз орнына

отырғызатын еді»

226

.

2. Мұсылмандар

мен

Мәдинадағы

еврей

тайпаларының арасында келісім шарт бар еді. Алайда

еврейлердің Бәни Құрайза тайпасы сын сағатта сөзден

тайып, келісім шартты бұзып, мұсылмандарды аса қиын

жағдайға душар етеді. Бәни Құрайза тайпасының жасаған

осы опасыздықтары мен сатқындықтарына берілетін

жаза түрін белгілеу үшін Саъд ибн Муъаз атты сахаба

таңдалады. Есекке мінген күйде келе жатқан Саъд ибн

Муъаздымеңзеп Пайғамбарымыз (с.а.у.)мұсылмандарға:

«Мырзаларыңа тұрыңдар»

деген болатын. Имам ән-

Нәуауий сынды бірқатар ғалымдар жоғарыдағы хадистегі

Пайғамбарымыздың (с.а.у)

«мырзаларыңа тұрыңдар»

227

деген сөзін кісіге құрмет ретінде орыннан тұрудың

мұстахабтығына дәлел ретінде келтіреді.

Кейбір ғалымдар бұл жерде Пайғамбарымыз-

дың (с.а.у.) сахабаларға Саъд ибн Муъазға құрмет

ретінде

«тұрыңдар»

демегенін, оның жаралы күйде

келгендігін, сондықтан көлігінен түсуіне көмектесу

226

Әбу Дәуід, 5217-ші номерлі хадис, 4-том, 355-бет.

«Дәрул-фикр»

баспасы. Қосымша қараңыз: Әл-мустадрак ъалас-сахихаин лил-

Хаким, әс-Сунанул-Кубра лил-Бәйһақи. Хадистің дәрежесі хадис

ғалымдары бойынша

«сахих».

227

Сахихул-Бұхари, 3-том, 1107-бет.

«Дару ибни Кәсир»

баспасы,

Бәйрут, 1987 ж.