Previous Page  171 / 288 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 171 / 288 Next Page
Page Background

171

Дін мен Діл

Ал егер арабтардың қолданысындағы қандай да бір

ауыспалы мағынаны таңдау қиынға соғатын тұстарда

сәлафтардың жолын ұстану қатеге ұрынбау тұрғысынан

ықтиятты жол болмақ. Сондай-ақ халықтың діни сауаты

мен заманның жағдаятына да назар аударуымыз ләзім.

Тура мағынасы Ұлы Жаратушыны жаратылғандарға

ұқсататын сөздерді, әлдебіреулер өздерінің жаңсақ

пікірлеріне құрал етіп, бұған қарапайым халықтың басы

қатып жатса, онда халафтардың тәсілі сөзсіз қажет-ақ.

Имам ибн Хажар әл-Һәйтами (909-974) бұл жайлы былай

дейді:

«Раббымыз (дүние аспанына) түседі»

дегеннің

мағынасы – «Оның әмірі немесе рақымы түседі яки

ауыспалы мағынада жақындықтың көптігін білдіреді.

Қысқасы, әрбір мүмін бұл хадисті және осыған ұқсас

Құран мен хадистердегі «Әр-Рахман аршқа истиуа

етті», «Раббыңның уәжһі ғана қалады», «Алланың қолы

олардың қолдарының үстінде»

деген секілді мағынасы

айқын емес нәрселерді былай түсінуі керек: бұлардың

тура мағынасы Ұлы Жаратушы үшін мүлде мүмкін

болмағандықтан мұрат емес. Алла Тағала залымдар мен

кәпірлердің айтқандарынан пәк һәм жоғары. Мұсылман

адам одан кейін қаласа, жоғарыда келтіргеніміздей жора-

мал жасайды. Бұл халафтардың жолы. Дене мен белгілі

бір жақта болуды, басқа да Алла үшін мүлде мүмкін

емес нәрселерді Ұлы Жаратушыға таңатын бидғатшылар

көбейіп жатса, онда халафтардың жолын таңдаса болады.

Немесе (ешбір жорамал жасамастан) мағынасын Аллаға

тапсыруына болады. Бұл сәлафтардың жолы. Өз заманда-

рында қатты адасулар мен сорақы бидғаттар жоқ болған

жағдайда, осы жолды таңдаса болады. Себебі, оларды

жорамалға итермелейтін жағдай жоқ»

221

.

221

Сайф ибн Али әл-Ъасри, әл-Қаулут-Тәмаму би исбатит-тафуид

мәзһабан лис-сәлафил-кирам, 212-бет.

«Дәрул-фақиһ»

баспасы,

Әбу Заби, 2009 ж. (Әл-Минһажул-қауим, 292-бет)