168
Дін мен Діл
деген аяттағы
«уәжһті» «Алланың құбыласы»
деп
тәпсірлегенін имам әл-Бәйһақи жеткізген.
Сондай-ақ, табиғиндердің арасындағы фиқһ пен ха-
дис ілімінің тірегі саналатынСуфиян әс-СауриҚұрандағы:
«Барлық нәрсе құрдымға кетеді де тек Алланың
уәжһі (жүзі) қалады»
217
деген аяттағы
«уәжһті»
былай
деп түсіндірген:
«Алланың разылығы үшін жасалған
салиқалы амалдар»
деп түсіндірген. Мұны Ибн Хажар
өзінің
«Фатхул-бариында»
білдірген.
Байқағанымыздай, кейбір сахабалар мен табиғиндер
де бағзы хабари сипаттарда қолданылған сөздерге жора-
мал жасап, тәуилге барған. Ал енді тәуил жасайтындардың
бәрін адасқандардың қатарына қоссақ, онда жоғарыдағы
аты аталған сәлафус-салихтардың бәрін адасқандарға
жатқызған боламыз. Тіпті, сәлафус-салихиндердің
ешқайсысы тәуил жасамаған күннің өзінде араб тілінің
қолданысы шеңберінде әрі діннің негізгі қағидаттарына
қайшы келмейтіндей кейіпте жорамал жасап, тәуилге
барушыларды адасушылыққа телу тіптен дұрыс емес.
Себебі, Алла Тағаланың өзі бір құдси хадисте кейіннен
жаратылғандарға тән ерекшеліктерді білдіретін сөздердің
тура мағынасының Өзі үшін мұрат емес екендігін, ондай
сөздердің ауыспалы мағынасы мен астарлы мәнінің бар
екенін көрсетіп берген. Алла Тағала бұл құдси хадисте
былай дейді:
« – Уа, адам ұрпағы! Мен ауырғанда, неге көңілімді
сұрап келмедің?
– Сен (ауырмайтын) әлемдердің Раббысы емессің
бе? Мен көңіліңді сұрап, саған қалай барамын?
– Менің пәленше құлымның ауырғанын білмеуші
ме едің? Егер оның көңілін сұрап жанына барғаныңда,
Мені әлгінің қасынан табатын едің?...»
218
.
217
«әр-Рахман»
сүресі, 26-27-аят.
218
Сахих Муслим, 4-том, 1990-бет,
«Дәру Ихиа’ит-турасил-араби
баспасы»
, Бәйрут.