Previous Page  169 / 288 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 169 / 288 Next Page
Page Background

169

Дін мен Діл

Байқағанымыздай, ауру, сырқаттану – Алла

үшін мүмкін болмағандықтан адам ұрпағы:

«Сен (ау-

ырмайтын) әлемдердің Раббысы емессің бе? Мен

сенің көңіліңді сұрап, саған қалай барамын?»

деген

таңданысын жасыра алмаған. Ал Алла Тағала болса,

мұндай сөздің тура мағынасының мұрат емес екенін

білдіріп:

«Менің пәленше құлымның ауырғанын

білмеуші ме едің? Егер оның көңілін сұрап жанына

барғаныңда, Мені оның жанынан табатын едің?...»

деп, мұндай сөздердің астарлы мәні мен ауыспалы

мағынасының бар екенін көрсеткен.

Ендеше, хабари сипаттардағы сөздердің ауыспалы

мағынасын таңдап, астарлы мәніне үңілгендер, сөздің

тура мағынасы Жаратушы үшін мүмкін болмағандықтан

осылай істеген. Олардың ниеті Ұлы Жаратушыны

жаратылғандарға тән кемшіліктер мен ерекшіліктерден

пәктеу болғандықтан оларды адастыға санау үлкен

қателік. Ең бастысы, жасалған жорамалдың, таңдалған

ауыспалы мағына мен астарлы мәннің Ұлы Жаратқанның

Құранның анық аяттарында білдірілген кемел сипаттары-

на қайшы келмесе болғаны.

Тарихтағы ақида, фиқһ, тәпсір, хадис секілді ислам

ғылымдарының, тіпті тіл, әдебиет, тарих секілді басқа

да ислам ғылымдарымен қатысы бар барша салалардың

әлемге мәшһүр белді де белгілі ғұламаларының ба-

сым көпшілігі Ашғари яки Мәтуруди ақидасын

ұстанғандықтан тәуил жасап, жорамалға барған. Тіпті

қазақтың бетке ұстар Абайы да Мәтуруди ақидасын

ұстанған. Оған дәлел ол өзінің отыз сегізінші қара

сөзінде Алланың субути сипаттарын Әшғарилар секілді

жетіге емес,

«тәкуинді»

қосып сегізге жеткізеді. Бұл тек

Мәтуруди мектебіне тиесілі тәсіл.