Previous Page  165 / 288 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 165 / 288 Next Page
Page Background

165

Дін мен Діл

Имам ибн Хажар әл-Һәйтами (909-974) хабари

сипатқа байланысты былай дейді:

«Немесе (ешбір жора-

мал жасамастан) мағынасын Аллаға тапсыруына бола-

ды. Бұл сәлафтардың жолы»

209

.

Ханбали ғалымы Мұхаммед әс-Сафариани:

«Аллаға

нұқсандық немесе кейіннен пайда болғандықты білдіре-

тін барлық ерекшеліктен Алла Тағала пәк. Алла Тағала

– ең биік кемелдіктің иесі. Сәлафтардың ұстанған жолы

мұндай мәселеге кірмеу әрі мағынасын Аллаға тапсырып,

үнсіз қалу. Абдуллаһ ибн Аббас: «Бұл түсіндірме жа-

салмайтын сырлы нәрсе. Сыртқы сөзіне иман келтіріп,

мағынасын Аллаға тапсыру әрбір адамға уәжіп» деген.

әз-Зүһри, Малик, әл-Аузағи, Суфиян әс-Сәури, әл-Ләйс ибн

Саъд және Ибнул-Мүбарак, имам Ахмад, Исхақ сынды

барлық сәлафтар ғалымдары осындай ұстаным бой-

ынша өткен. Бұлардың бәрі «Мүтәшабиһ» аяттарға

қатысты былай дейді: «Қалай келсе, солай үстінен оқып

өтіңдер»

210

.

Белгілі тәпсір ғалымы Құртуби былай деген:

«Сәлафтардың жолы – бұл мәселелерге тереңдеп

кірместен һәм мұндай сөздердің тура мағынасының Алла

үшін мүлде мүмкін еместігін қабылдай отырып, қалай

келсе солай ғана үстінен оқып өтіңдер деген»

211

.

Имам әл-Бағауи өзінің

«Маъалимут-тәнзил»

атты

тәпсірінде былай деген:

«Әһлүс-сунна былай дейді: Аршқа

истиуа ету белгілі бір кейіпсіз Алланың сипаты. Бұған

иман келтіріп, мағынасын Аллаға тапсыру ләзім»

212

.

209

Сайф ибн Али әл-Ъасри, әл-Қаулут-Тәмаму би исбатит-тафуид

мәзһабан лис-сәлафил-кирам, 212-бет.

«Дәрул-фақиһ»

баспасы,

Әбу Заби, 2009 ж. (Әл-Минһажул-қауим, 292-бет)

210

Сайф ибн Али әл-Ъасри, әл-Қаулут-Тәмаму би исбатит-тафуид

мәзһабан лис-сәлафил-кирам, 219-бет.

«Дәрул-фақиһ»

баспасы,

Әбу Заби, 2009ж. (КитабуЛәуамиъил-әнуарил-баһия уа саутиъил-

әсрарил-әсария фи ақди әһлил-фирқатил-мардия, 1-том, 97-бет)

211

Имам әл-Құртуби, әл-Жамиъ ли ахкамил-Құран, 4-том, 12-бет.

212

Имам әл-Бағауи, Маъалимут-тәнзил фит-тафсир, 3-том, 235-бет.