Previous Page  161 / 288 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 161 / 288 Next Page
Page Background

161

Дін мен Діл

пастан әрі ауызсыз, екі ерінсіз және тілсіз сөйлейді»

197

.

Бұл топ өздерінің шатасқанына қарамастан, өздері

сияқты ойламайтындардың бәрін адасып жүр дейді.

Дәлірек айтсақ, олар хабари сипаттарда қолданылған

сөздердің тура мағынасы Алла үшін мүмкін емес.

Сондықтан мұндай сөздермен не мұрат болғанын

білмейміз деп мағынасын Аллаға тапсыруды (тафуид)

сәлафтардың ұстанған жолы емес, керісінше тарихтағы

«мұъаттила»

198

деп аталатын адасқан топтың ұстанымы

дейді. Бүгінгі кейбір салафи ақидасын ұстанамыз дейтін

бұл ағымның пайымдауынша хабари сипаттардағы жүз,

қол, аяқ, көз, орнығу, күлді, жүгірді секілді т.б. сөздердің

тура мағынасын Алла үшін қолдануға болатындығын

сәлафтар жоққа шығармаған әрі ондай сөздерден не

мұрат болғанын, қандай мағынада айтылғанын білген.

Тек олардың нендей кейіпте болатындығын ғана Аллаға

тапсырған.

Ал шындығында шынайы сәлафтар хабари сипаттар-

да қолданылған тура мағынасы белгілі бір ағзаны немесе

жаратылғандарға тән іс-әрекеттер мен ерекшеліктерді

білдіретін сөздердің тура мағынасын Аллаға қолдануға

197

Сайф ибн Али әл-Ъасри, әл-Қаулут-Тәмаму би исбатит-тафуид

мәзһабан лис-сәлафил-кирам, 54-бет.

«Дәрул-фақиһ»

баспасы,

Әбу Заби, 2009 ж.

198

Мұъаттила ағымының басшысы Жәһм ибн Сафуан деген адам.

Оның ойынша, тура мағынасы Алланы басқа жаратылыстарға

ұқсататын Құрандағы сөздердің мүлде мағынасы жоқ. Тіпті,

Алланың жанында да мәні жоқ дегендіктен Алланың аятта

айтылған сипатын түгелдей жоққа шығару бар. Ал бұл адасуға

жатады.

«Мұъаттила»

дегеннің мағынасы сөздің мағынасын

түгелдей жоққа шығарушы дегенді білдіреді.

Сондықтан хабари сипаттарда қолданылған тура мағынасы Алла

үшін мүмкін емес сөздердің мұрат болған мағынасын Аллаға

тапсырудың

«Мұъаттила»

ағымымымен ешқандай байланысы

жоқ. Себебі, мұнда Алланың сипатын мүлде жоққа шығару емес,

тек оның мағынасын білмейтіндігін мойындау бар.