Previous Page  158 / 288 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 158 / 288 Next Page
Page Background

158

Дін мен Діл

түсінген. Ал енді

«Алла да ұмытады, бірақ оның

ұмытуы біздің ұмытуымыз сияқты емес»

деп әуелі

ұмытуды таңып, сосын біздің ұмытуымыз сияқты емес

деп ешкім, тіпті Алланың қолы бар, бірақ біздің қолымыз

секілді» емес дейтіндер де айтпайды. Себебі, ұмыту біздің

ұмытуымызға ұқсамай-ақ қойсын, жалпы алғанда ұмыту

кемшілік, есте сақтай алмау нұқсандығы емес пе? Ал

енді

«Алланы отырады, бірақ біздің отыруымыз сияқты

емес»

деудің

«Алла да ұмытады, бірақ біздің ұмытуымыз

сияқты емес»

деуден қандай айырмашылығы бар? Ол да

кемшілік, жаратылғандарға тән мұқтаждық емес пе? Міне,

сондықтан нағыз сәлафтар сөздің әлгіндей белгілі бір

ағзаны яки жаратылғандарға тән іс-әрекеттерді білдіретін

тура мағынасы мұрат емес, Алла Тағалан мұндай

сөздермен нені мұрат етіп, қандай сипатты қалаған болса,

соған иман келтіреміз деген.

Егер олар «Алланың қолы бар, бірақ біздің қол сияқты

емес» деген кезде «біздің қолымыз сияқты ағза, ұстайтын

құрал мағынасында емес» дегенді айтқысы келсе, онда

оларды шатасып жүр демес едік. Алайда олар

«йад»

(қол),

«ъайн»

(көз) сөздерінің тілдік тура мағынасын жоққа

шығармаймыз, қандай мағынаны білдіріп тұрғанын да

білеміз

195

, тек сипаттың нендей кейіпте болатындығын

ғана Аллаға тапсырамыз» дейді. Оларға айтар уәжіміз

195

Олар хабари сипаттарда қолданылған сөздердің мағынасын

білетіндіктеріне Имам Мәліктің жоғарыдағы

«Истиуа бұл

белгісіз емес»

деген сөзін дәлел ретінде келтіреді. Алайда,

Имам Мәліктің бұл сөзін олар өздерінің мүдделеріне қарай та-

ратып жорамалдап отыр. Себебі, имам Мәликтің

«Истиуа бұл

белгісіз емес»

деген сөзін

«мағынасы белгісіз емес, біз білеміз»

деген мағынада емес, басқаша да түсінуге болады. Мысалы,

«ис-

тиуа мәселесінің Құранда айтылғандығы бізге белгісіз емес»

деген секілді мағынада да түсінуге болады. Мұндай ақида

мәселелерінде әр түрлі мағынада түсінуге болатын бір ғана

адамның сөзін бұлтартпас дәлел ретінде келтіру әсілінде қате.