Previous Page  162 / 288 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 162 / 288 Next Page
Page Background

162

Дін мен Діл

болмайды деген сенімде болған. Олар ондай сөздердің

қандай мәнде айтылғандығын білмейтіндігін толық

мойындап, мұрат болған мағынасын Аллаға тапсырған.

Оған төмендегі сәлаф һәм халаф ғалымдарының хабари

сипаттарға байланысты ұстанымдарын білдіретін мына

мәліметтер дерек бола алады:

Ахмед ибн Ханбал:

«Оған (ондай сипаттарға) ешбір

мағына берместен әрі белгілі бір кейіпте болады деме-

стен иман келтіреміз әрі растаймыз»,

– деген.

Имам Суфиян ибн Ъуиайна (107-197 һижри) былай

деген:

«Алла Тағаланың Құранда білдірген барлық (хаба-

ри) сипаттарының тәпсірі – оны оқу және мағынасына

үнсіз қалу»

199

.

Бәйһақидің

«әл-Асма уас-Сифат»

атты еңбегінің

314-бетінде Суфиян ибн Ъуиайнаның былай дегені

жеткізілген:

««Алла Тағаланың Құранда білдірген барлық

(хабари) сипаттарының тәпсірі – оны оқу. Және ешкімнің

оны арабша да, парысша да түсіндіруіне болмайды»

Байқағанымыздай, ибн Ъуиайна хабари сипаттарды

білдіріп келген аяттарды тек оқуды әрі мағынасына үнсіз

қалуды тәпсірге жатқызып отыр. Бұл дегеніміз, хабари

сипаттардың мағынасы белгісіз деген сөз. Әйтпесе, аят-

ты жай ғана үстінен оқып өту мен үнсіз қалудың тәпсір

емес екені кез-келген адамға мәлім емес пе? Егер хабари

сипаттарды білдірген сөздердің мағынасы мәлім болса,

онда Ибн Ъуиайна неліктен оны арабша да парысша да

түсіндіруге, яғни арабша сөздің синонимін, ал басқа тілге

аударылуына қатаң қарсы шығып отыр?

Имам Шафиғи хабари сипаттарға қатысты:

«Аллаға

әрі Алладан келгеннің бәріне Алланың мұрат еткен

мағынасы бойынша иман келтірдім. Алланың елшісіне

199