166
Дін мен Діл
Байқағанымыздай, жоғарыда аттары аталған
исламның белді ғалымдары сәлафтардың хабари си-
паттарда қолданылған сөздердің тура мағынасының
мұрат еместігін айтып, олардың қандай мағынада
келгендігін Аллаға тапсырғандықтарын ашық айтып
отыр. Осы мәндегі бірқатар көрнекті сәлаф пен халаф
ғұламаларының деректі сөздерін тізбектеп жаза беруге
болар еді. Әттең оны сұраққа жауап ретінде жазылған
мына мақала көлемі көтермейді. Алайда көзі ашық,
көкірегі ояу, бұрынғы оқып, естігендерінің әсерінен
шығып, еркін ойлай алатындарға мұның өзі жеткілікті
болар.
Әшғари мен Мәтурудилер адасқан ба?
Өздерінің сәлафи ақидасын ұстайтындығын айтып,
өзгенің бәрін адастыға санайтын бұл ағым сәлафус-
салихиндар хабари сипаттарға тәуил жасамаған де-
ген желеумен тәуил жасайтын Ашғари мен Мәтуруди
секілді ақида мектептерінің бірін ұстанатын көпшілікті
адасқандардың қатарына жатқызады. Алайда бұл үлкен
қателік. Олай дейтініміз, араб тілінің қағидалары мен
араб халқының қолданысына сай келетін сөздің ауыспа-
лы мағынанасын таңдап, тәуил жасаған сахабалар мен
табиғиндер, әтбаъут-табиғиндер де болған.
Мысалы, Ибн Хажар өзінің Бұхаридың сахихына
жазған түсіндірмесінде ибн Аббастың
«Қалам»
сүресінің
42-аятындағы
«сақ»
сөзінің негізгі тура мағынасын емес,
ауыспалы мағынасын таңдағанын келтіреді.
«Сақ»
сөзінің
арабшадағы тікелей сөздік мағынасы
«тірсек»
дегенге
саяды. Егер бұл сөздің тікелей негізгі мағынасын алсақ,
аяттың мағынасы:
«тірсек ашылған қиямет күні»
дегенді
білдіреді. Бірақ бұл сөздің тура мағынасы Жаратушыға
лайық болмағандықтан
«сақ»
сөзінің тура мағынасын
емес,
«қиыншылық»
дегенді білдіретін ауыспалы