Previous Page  164 / 288 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 164 / 288 Next Page
Page Background

164

Дін мен Діл

өзі хабар бергендей аршқа ешбір кейіпсіз әрі қайда деген

сұрақсыз истиуа етуші. Оның келуі бір жерден екінші

жерге барумен және қозғалыспен емес. Оның түсуі

көшумен де емес. Алла Тағаланың өзі денеден тұрмайды.

Оның уәжһі (жүзі) белгілі бір пішінмен емес. Оның қолы

ағза емес. Оның көзі көруші мүше емес. Бұл сипаттар

Алла тарапынан хабар берілгендіктен белгілі бір кейіпте

болады деместен қабылдаймыз. Алла Тағала:

«Оған

ешбір нәрсе ұқсамайды»

203

, «Оның ешбір теңдесі

жоқ»

204

, «Оның басқа теңдесі мен ұқсасын білесің

бе?»

205

,

– деген

206

.

Хафыз әс-Сиюти (849-911 һижри)

«әл-Итқан»

атты

еңбегінде хабари сипаттарға байланысты былай дейді:

«Әһлус-сүннеттің көпшілігінің, яғни олардың сәлафтары

мен әһлул-хадистердің ұстанымы – «хабари сипаттарға

иман келтіріп, мұрат болған мағынасын Аллаға тапсы-

ру. Оларды тәпсірлемейміз және ондай сөздердің тура

мағынасынан Алланы пәктейміз дейді. Ал халафтары

оларды Аллаға лайық келетін мағынаға жорамалдау жо-

лын ұстанады»

207

.

Ибн Халдун:

«...Ал сәлафтардан сахабалар мен

табиғиндар болса, Алла Тағалаға кемел һәм құдайлық

сипаттарды таңады. Ал нұқсандықты білдіретіндей бо-

лып көрінетін сөздердің қандай мағынада айтылғанды-

ғын Аллаға тапсырады да өздері үнсіз қалады»

208

.

203

«Шұра»

сүресі, 11-аят.

204

«Ықылас»

сүресі, 4-аят.

205

«Мария»

сүресі, 65-аят.

206

Әбу бәкр әл-Байһақи, әл-Иътиқад уәл Һидая илә сәбилир рашад

алә мәзһәбис-сәләфи уа асхабил-хадис, 93-бет.

«Дәрул- китабил-

араби»

баспасы, Бейрут, 1988 ж.

207

Жәлалуд-дин Абдир-рахман әс-Сиюти, әл-Итқан фи ъулумил-

Құран, 1-том, 650-бет.

«Дару ибн Кәсир»

баспасы, Бәйрут,

1987ж.

208

Сайф ибн Али әл-Ъасри, әл-Қаулут-Тәмаму би исбатит-тафуид

мәзһабан лис-сәлафил-кирам, 89-бет.

«Дәрул-фақиһ»

баспасы,

Әбу Заби, 2009 ж. (Тариху Ибн Халдун, 1-том, 600-бет.)