Previous Page  160 / 288 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 160 / 288 Next Page
Page Background

160

Дін мен Діл

Осы көзқарастағылардың арқа сүйейтін бір ғалымы

«дене, көретін көз, еститін құлақ, сөйлейтін тіл, тамақ»

сынды сипаттардың Алла Тағалада жоқ екендігін айтқан

аят хадис болмағандықтан, біз оларды Аллада бар деп

те айтпаймыз, жоққа да шығармаймыз дейді. Тіпті

бұларды жоққа шығармау – әһліс-суннаның жолы дегенді

алға тартады. Дәлірек айтсақ, бұл ғалым әс-Сабунидің

«Алла Тағала денеден, көретін көз, еститін құлақ, тіл,

тамақтан пәк»

деген сөзіне былай деп қарсы жауап бер-

ген:

«Бұлай деу – сәлафтардың жолы емес, керісінше бұл

философтардың сөзі. Ал әһліс-сунна болса, Алланың өзі

үшін бар деген (сипатын) бар, жоққа шығарғанын жоқ

дейді. Сондай-ақ, Алла елшісінің Алла үшін бар деген (си-

патын) бар, жоқ дегенін жоқ дейді».

Сонда бұл пікір Құранда «жоқ» деп айтылмағанды

Алла Тағаладан пәктеу дұрыс емес дегенді білдіреді.

Алайда Құранда «Алла Тағалада жоқ» деп айтылмаған

бұлардан басқа да талай-талай ағзалар бар ғой. Мүмкін,

олардан да Алла Тағаланы пәктеуіміз керек шығар?!

Негізінде, мұндай ағза, құралдар жалпы мұқтаж-

дықты, кемшілікті білдіргендіктен, Алла тағаланы олар-

дан пәктеу – уәжіп. Құранда жоққа шығарылмаған екен

деп Алла тағаланы олардан пәктемеу, мұқтаждықтан

туындаған мұндай сипаттарды Ұлы Жаратушыға таңуға

болмайды деп айтпау – Алла жайлы сенімі түзу адамның

сөзі емес.

Сәлафус-салихтардың

Алла

Тағаланы

ағза,

құралдардан пәктегендіктеріне, ондай мұқтаждықты

жоққа шығарғандықтарына қатысты дәйекті деректер өте

көп. Солардың ішінен имам Ахмед ибн Ханбалдың мына

сөзін мысал ретінде келтіре кетейін:

«Алла Тағала өзі

қалай қаласа солай сөйледі. Бірақ қуыстан шығарып айт-