155
Дін мен Діл
Бүгінгі кейбір сәлафи ақидасын ұстанамыз деп
жүргендер, шынымен де, өздері айтқандай сахабалар
мен табиғиндардың, олардың көзін көрген атбағут-
табиғиндардың ақидасын ұстанады ма? Әрине, жоқ!
Себебі, олар былай дейді:
«Алланың өзіне жарасатын
қолы бар, бірақ біздің қолымыз сияқты емес, қандай
қол екенін білмейміз»
дейді. Тіпті кейбіреуі
«иттің
қолы бөлек, мысықтікі де адамдікінен өзгеше, ендеше,
Алланың қолы да басқаша»
деп мысалдар бере оты-
рып түсіндіріп жүр. Яғни, олар аяттағы
«иад»
сөзінің
тура мағынасы
«қол»
дегенді білдіреді, бірақ Алланың
қолы қандай екенін білмейміз дейді. Қандай қол екенін
білмейміз деу – Алланы пәктеуге жатпайды. Себебі,
өздері айтқандай Алланың қолы ешбір жаратылыстың
қолына ұқсамай-ақ қойсын, бірақ жалпы қол деген ұғым
ұстауға арналған құралды, белгілі бір ағзаны білдіреді.
Ал Алла Тағала ешбір құралға да, ағзаға да мұқтаж
емес. Сондықтан сәлаф ғалымдары
«йад»
деген сөздің
белгілі бір ағзаны немесе ұстау құралын білдіретін тура
мағынасы Алла үшін мұрат емес, тіпті, Алла үшін белгілі
бір кейіп жүрмейді деген.
Ал бүгінгі сәлафи ақидасын өздеріне
«жеке-
шелеп»
алған кейбір адамдар шын мәнінде шынайы
сәлафи ақидасын ұстанбайды. Мысалы,
«Алла сосын
аршқа истиуа
189
етті»
190
деген аяттағы
«истиуа»
сөзін
«истиқрар»
, яғни орнығу, жайғасу, тіпті таққа отыру
мағынасында түсіндіреді. Олар
«Иад (қол)»
деген сипат
бар, бірақ ол ағза мағынасында емес, сол секілді
«ис-
тиуа»
деген сипат бар, бірақ
«отыру, жайғасу, орнығу»
мағынасында емес, бұлардың мағынасын білмейміз,
189
Истиуа – сөзінің тура мағынасы
«отырды, орнықты, жайғасты»
дегенге саяды.
190
«Ағраф»
сүресі, 54-аят.