151
Дін мен Діл
олардың бәрі сөздің тура мағынасы мұрат емес деген.
Бірақ салфтардікі қысқа тәуилге, ал халафтардыкі
кең тәуилге жатады. Себебі, халафтардың зама-
нында бидғатшылардың көбеюі – оларды осыған
итермелеген»
185
.
Хабари сипаттарға қатысты жоғарыда келтірген
әһлі сүннет уәл-жамағатқа жататын сәлаф һәм ха-
лаф ғұламаларының көзқарастарына сәйкес келмейтін
адасқан Мүшаббиһа деген ағым болған. Олар Құран
және хадистердегі Аллаға байланысты айтылған белгілі
бір ағзаны немесе жаратылыстарға тән іс-әрекеттерді
білдіретін сөздердің тура мағынасын негізге алып, Алла-
ны басқа жаратылғандарға ұқсататындай сыңай танытып,
қате пайымдаған.
Имам Шәукани
«Иршадул-фухул фи ъилмил-усул»
атты еңбегінде былай дейді: «Ақиданың негіздері, діннің
негіздері және Ұлы Жаратушының сипаттарына байла-
нысты үш түрлі мәзһаб бар:
Біріншісі, мұндай мәселелерде тәуилге барып,
жорамал жасауға болмайды. Керісінше сөздің тура
мағынасы негізге алынады да ешбір нәрсесі тәуил жа-
салмайды. Бұл мәзһаб Мүшаббиһалардың (Алланы басқа
жаратылғандарға ұқсататындар) көзқарасы.
Екіншісі, мұндай мүтәшабиһ сөздердің міндетті түр-
де бір жорамалы бар. Бірақ біз оны нақты білмегендіктен
тәуил жасамаймыз. Сонымен қатар Алла Тағаланы басқа
жаратылғандарға да ұқсатпаймыз әрі аяттағы сипаттарды
да мүлдем жоққа шығармаймыз. Өйткені Алла Тағала:
«Оның тәуилін тек қана Алла біледі»
дейді. Ибн Бурһан:
«Бұл сәлафтардың көзқарасы»
деді.
185
Сайф ибн Али әл-Ъасри, әл-Қаулут-Тәмаму би исбатит-тафуид
мәзһабан лис-сәлафил-кирам, 213-бет.
«Дәрул-фақиһ»
баспасы,
Әбу Заби, 2009 ж. (Мирқатул-мәфатих шарху мишкатул-масабих,
1-том, 260-бет.)