152
Дін мен Діл
Үшіншісі, тәуил жасайтындардың мәзһабы. Ибн
Бурһан былай деді:
«Бұл үш мәзһабтың алғашқысы
қате. Ал қалған екеуі сахабалардың да ұстанған жолы.
Үшінші мәзһаб Али, Ибн Мәсғуд, Ибн Аббас, Үмму Сала-
мадан да жетіп отыр»
186
.
Байқағанымыздай, Шәукани хабари сипаттарға
қатысты сөздердің тура мағынасын негізге алатын-
дарды
«мүшаббиһа»
(Алланы басқа жаратылғандарға
ұқсатушылар) деп атай келе, оның қате екенін Ибн
Бүрһанның сөздерімен келтіріп отыр. Ал қалған екеуі
сахабалардың да жолы дей келе, Аллаға лайық мағынада
тәуил жасайтын халафтардың көзқарасын ұстанатын
кейбір сахабалардың есімдерін атаған.
Ақидаң дұрыс па?
Хабари сипаттарға қатысты тақырыпты бүгінгі
қоғамда өзекті мәселеге айналдырып, қарапайым
халықтың басын қатырып жүрген
«бидғатшыл»
топ-
тар бар. Олар өздерін
«сәлафтардың жолын ұстаймыз,
біздікі ғана дұрыс»
деп, хабари сипаттарға тәуил жасай-
тын Ашғари мен Мәтуруди секілді әһлі сүннеттік ақида
мектептерін ұстанатын қалың жамағатты да, мағынасын
білмейміз деп Аллаға тапсыратын (тафуид жасайтын)
шынайы сәлафтардың жолын ұстанатындарды да ада-
сушылар қатарына қосады. Көбіне уағыздарының басы
«Сенің ақидаң дұрыс па?»
деген сауалмен басталады. Егер
жауабыңызда Мәтуруди немесе Ашғари ақидасы десеңіз
яки олардың
«Алла қайда?»
деген сұрақтарына
«аспан-
да»
деп төбеңізді көрсетпесеңіз, онда ақидаңыз адасқан
186
Мұхаммед ибн Али ибн Мұхаммед әш-Шаукани, Иршадул-
фухул фи ъилмил-усул, 1-том, 299-бет.
«Дарул-фикр»
баспасы,
Бәйрут, 1992 ж.