Previous Page  149 / 288 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 149 / 288 Next Page
Page Background

149

Дін мен Діл

мағынады айтылған. Сондай-ақ,

«Әскердің тізгіні

патшаның қолында»

дегенде де

«патшаның билігі мен

құзіретінде»

деген мағынаны меңзеген.

Шәукани сахабалардың Алла елшісіне қолдарын

беріп, исламнан, иманнан айнымайтындықтарына байла-

нысты берген серттеріне байланысты

«Саған серт беріп

жатқандар шын мәнінде Аллаға серт беріп жатыр»

делінген Құран аятынан кейін келетін

«Алланың

қолы олардың қолдарының үстінде»

181

деген аяттағы

«Алланың қолын»

ағза, мүше, құрал ретіндегі қол емес,

«сендердің Пайғамбарымызбен жасасқан серттерің

мен уағдаларың Алламен жасасқандай»

деген ауыс-

палы мағынада, әдеби тәсіл ретінде білдірілген деген

жорамалға барған. Шәукани

«Фатхул-қадир»

атты

кітабында Кәллабидің аяттағы

«Алланың қолы»

деген сөз

тіркесіне қатысты:

«Алланың оларға берген нығметі мен

туражолға салуы олардың Алла елшісіне берген серттері

мен уағдаларынан да жоғары һәм бағалы»

дегенін және

Ибн Кайсанның:

«Алланың пайғамбарына деген жәрдемі

мен қолдауы олардың берген жәрдемі мен қуатынан

да жоғары»

деген жорамал тұжырымдарын берген

182

.

Шәукани

«Фажр»

сүресінің

«Раббың келді»

183

деген

аятындағы

«келуді»

«Раббыңның әмірі мен үкімі келді,

дәлелдері айқындалды»

деп жорамалдаған

184

.

Құранның кейбір аяттары мен бағзы хадистердегі

Алла Тағалаға қатысты айтылған тура мағынасы

белгілі бір ағзаны немесе жаратылғандарға тән іс-

әрекеттерді білдіретін сөздерге қатысты сәлаф пен

181

«Фатх»

сүресі, 10-аят.

182

Мұхаммед ибн Али ибн Мұхаммед әш-Шаукани, Фатхул-қадир,

5-том, 47-бет.

«Дарул-фикр»

баспасы, Бәйрут.

183

«Фажр»

сүресі, 22-аят.

184

Мұхаммед ибн Али ибн Мұхаммед әш-Шаукани, Фатхул-қадир,

5-том, 439-440-беттер.

«Дарул-фикр»

баспасы, Бәйрут.