144
Дін мен Діл
араб тілінің талаптарына сай болса, онда оған қарсы
шықпаймыз. Ал егер араб тілі қолданысынан алыс бол-
са, онда Алла Тағаланы жаратылғандарға ұқсату мен
кемшіліктерден пәктейміз де, мұндай сипаттарға жал-
пылай иман келтіре отырып, мұрат болған мағынасын
Аллаға тапсырамыз».
Атақты ғалым Ибн Кәсирді осы бағытты
ұстанатындардың қатарына жатқызуға болады. Себебі, ол
өзінің
«Тафсирул-Құранил-азим»
атты 4-томдық көлемді
тәпсірінің бірқатар жерінде мүтәшабиһ аяттардағы
сипатқа қатысты сөздердің ауыспалы мағынасын таңдап,
астарлы мәндерін келтірген. Мысалы,
«Аспанды өз
қолымызбен көтердік»
159
деген аяттағы
«қолымызбен»
деген сөзді
«құдіретімізбен»
деп ауыспалы мағынада
тәпсірлеп, Ибн Аббастың, Мүжаһид, Қатаданың,
Сәуридің
160
және тағы басқалардың да солай айтқандығын
білдірген
161
.
«Фатх»
сүресіндегі
«Саған (қолдарын беріп) серт
беріп жатқандар, шын мәнінде, Аллаға серт беріп
жатыр»
делінгеннен кейін келетін
«Алланың қолы
олардың қолдарының үстінде»
162
деген аятты Ибн
Касир:
«Ол олармен бірге. Сөздерін естіп, мекендерін
біледі. Тіпті ішкі ниеттерін де. Алла Тағаланың өзі
пайғамбары арқылы олардың серттерін қабылдап тұр»
деп ауыспалы мағынада тәпсірлеген
163
.
Ибн Касир: Алла Тағаланың Нұх пайғамбарға
қарата айтқан:
«Кемені біздің көз алдымызда және
159
«Зәрият»
сүресі, 47-аят.
160
Бұл кісілердің барлығы алғашқы буын нағыз сәлафус-
салихиндерден.
161
Ибн Кәсир, Тафсирул-Құранил-азим, 4-том, 217-бет.
«Дарул-
Кутубил-илмия»
баспасы, Бәйрут, 1997ж.
162
«Фатх»
сүресі, 10-аят.
163
Ибн Кәсир, Тафсирул-Құранил-азим, 4-том, 168-бет.
«Дарул-
Кутубил-илмия»
баспасы, Бәйрут, 1997ж.