139
Дін мен Діл
тілдік тәсілмен сөйлескен. Оларға түсініктірек болу
үшін көзге көрінетін мағыналарды мысалға келтірген.
Егер «Алла Тағаланың құдіреті біреу емес пе, ал мысал
келтірілген саусақ екеу ғой» делінсе, жауап ретінде бы-
лай дейміз: «Мұндай жерде мысалдың екеу немесе көпше
түрде келуі маңызды емес, жоғарыда айтқанымыздай
бұл ауыспалы мәнде, әдеби тәсіл ретінде арабтардың
үйреншікті әдісі бойынша мысал келтірілген»
153
.
Имам Нәуауий Пайғамбарымыздың (с.а.у.):
«Алла
Тағала күндіз күнә істегендердің тәубасын қабыл
алу үшін түнде алақанын жаяды. Ал түнде күнә
жасағандардың тәубасын қабыл алу үшін күндіз
алақанын жаяды. Бұл жағдай күннің батыстан
шығатын уақытқа (қияметке) дейін жалғасады»
де-
ген хадисіндегі
«күнә жасаған құлдарының тәубаларын
қабыл алу үшін Алла Тағаланың алақан жаюын»
былай
деп түсіндіреді:
«Тәубенің қабыл болуы белгілі уақытпен
шектелмейді. Алла Тағаланың алақан жаюы – тәубаның
қабыл болуын білдіру үшін ауыспалы мағынада
қолданылып тұр. әл-Мәзири былай деді:
«Бұл жерде
мұрат болған мағына – тәубаның қабыл болуы. Өйткені
арабтар бір нәрсеге риза болса, қабыл алғанының белгісі
ретінде қолын ашады, ал ұнатпаса онда алақанын
жұмады. Міне, сондықтан Пайғамбарымыз (с.а.у.)
бұл хадисте көзге көрінетін нәрсені мысал келтіру
арқылы арабтардың түсінетін тәсілімен мұрат болған
мағынаны білдіріп тұр. Яғни, бұл жерде сөздің ауыспалы
мағынасы қолданылған. Әйтпесе, ағза ретіндегі қол Алла
үшін мүлде мүмкін емес»
154
.
153
Мұхиддин ән-Нәуауий, әл-Минһәәж Шарх сахих Мұслим ибнил-
Хажжаж, 15-16 том, 420-бет.
«Дарул-мағрифа»
баспасы, 2007 ж.
154
Мұхиддин ән-Нәуауий, әл-Минһәәж Шарх сахих Мұслим ибнил-
Хажжаж, 15-16 том, 420-бет.
«Дарул-мағрифа»
баспасы, 2007 ж.