Previous Page  135 / 288 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 135 / 288 Next Page
Page Background

135

Дін мен Діл

аяттардың соңына түседі. Шын мәнінде, оның нақты

жорамалын тек Алла біледі және ғылымда тереңдегендер

де, «

Біз бұл кітапқа (мұхкамі мен мүтәшабиһына)

толықтай иман келтірдік. Барлығы Алланың

құзырынан» дейді»

152

.

Екі жақтың да дәлелдеу жолдары түсінікті болу үшін

аятты қысқаша түсіндіре кетейік.

«Әли Ғимран»

сүресінің

жоғарыда келтірілген аятында баяндалғандай Құран аят-

тары

«мұхкам»

және

«мүтәшабиһ»

болып екіге бөлінеді.

Мұхкам – бұл мағынасы айқын, анық түсінікті аяттар.

Мысалы,

«Алла бір, Алла еш нәрсеге мұқтаж емес –

әс-Самад, Ол тумады да, туылмады Һәм Оның ешбір

теңдесі жоқ»

деген секілді аяттар. Мүтәшабиһ – мағынасы

айқын емес, бірнеше мағынаны қамтыған тіпті тура

мағынасы мұрат болған мағынаға қайшы секілді көрінетін

аяттар. Мұхкам аяттар Құранның негізі болса, мүтәшабиһ

аяттар сол негізгі аяттар шеңберінде қарастырылатын

тармақ аяттар болмақ.

«Мүтәшабиһ аяттардың жорамалын жасауға,

ондағы мұрат болған мағынаны айқындауға бола ма?»

де-

генде ғұламалар екі пікірді ұстанған. Бірінші топтағылар

қарсылық білдірген. Себебі, мүтәшабиһ аяттардың

мағынасы ол Аллаға ғана аян, мұны аяттың өзі баяндап

тұрғандығын алға тартады. Бұл көзқарастағылар:

«Шын

мәнінде оның нақты жорамалын тек Алла біледі және

ғылымда тереңдегендер де, «Біз бұл кітапқа (мұхкамі

менмүтәшабиһына)толықтайиманкелтірдік.Барлығы

Алланың құзырынан» дейді»

деген аяттың

«Шын

мәнінде, оның нақты жорамалын тек Алла біледі»

де-

ген жерінен сөйлемді аяқтап, тоқтайды. Сөйлем бұл жер-

де аяқталған жағдайда, мүтәшабиһ аяттардың жорамалы

мен мағынасын Алла ғана біледі деген мағына шығады.

152

«Әли Ғимран»

сүресі, 7-аят.