Previous Page  141 / 288 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 141 / 288 Next Page
Page Background

141

Дін мен Діл

кісінің қағбаға бет бұратыны секілді, дұға жасаушының

тілек тілегенде қолын аспанға көтеру арқылы мінәжат

жасалатын бір Аллаға сеніп, сенбейтіндігін білгісі

келді. Жүзді қағбаға бұрған уақытта Алланың қағбаның

ішінде болмайтыны секілді, қолды аспанға жайған кезде

де Ол аспанның ішінде болмайды. Керісінше қағба намаз

оқушылардың құбыласы болғаны тәрізді, аспан да дұға

етушілердің құбыласы. Немесе пайғамбарымыз оның

жердегі пұттарға табынушылардан болып, болмағанын

білгісі келді. Ол: «Аспанда» деп жауап бергеннен кейін

оның пұтқа табынушы емес, бір Аллаға сенетіндігін

айқындады».

Имам ән-Нәуауий бұл мәселеге қатысты сөзін

мәшһүр ғалым әл-Қади Ъиадтың былай деген сөзімен

жалғастырды: «

Мұсылмандардың фақиһтері мейлі хадис

ғалымдары уа һәм кәлам саласының мамандары бол-

сын, тіпті діни үкімді басқалардан алатын қарапайым

мұқаллидтері болсын бәрі «Аспандағының сендердің

үстеріңе жерді төңкере салуынан қорықпайсыңдар

ма?» деген аяттар секілді мұндай «Алла аспанда»

делінген сөздердің тура мағанасының мұрат еместігін

бірауыздан айтқан. Мұндай сөздердің тура мағынасы

мұрат болмағандықтан, барлық ғалымдар бойынша

жорамалданған...»

155

.

Мүслимнің хадис жинағына түсіндірме жасаған

ғалым әл-Мазири де жоғарыдағы хадис жайлы былай

дейді:

«Пайғамбарымыз

күңнің

мұсылман

болып,

болмағандығын білдіретін қандай да бір белгісін білгісі

келді. Өйткені кәпірлердің табынатын құдайлары са-

налатын от пен пұт жерде орналасқан. Әрқайсысы

155

Мұхиддин ән-Нәуауий, әл-Минһәәж Шарх сахих Мұслим ибнил-

Хажжаж, 5-6 том, 26-27 бет.

«Дарул-мағрифа»

баспасы, 2007 ж.