Previous Page  147 / 288 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 147 / 288 Next Page
Page Background

147

Дін мен Діл

Ибн Кәсир сондай-ақ,

«Біз оған сендерден де

жақынбыз. Бірақ сендер көрмейсіңдер»

172

деген аятты

«періштелерімізбен жақынбыз

» деп тәпсірлеп, жорамал

жасаған

173

.

Ал кейбір ауыспалы мағынасын таңдау күрделі

келетін тұстарда Ибн Касир тәуилге барып, жорамал

жасамаған. Алла Тағала нені мұрат еткен болса, соған жал-

пылай иман келтіре отырып, сөздің адам санасына бірден

келетін тура мағынасының Алла үшін мүмкін еместігін

білдірген. Ол

«Алла сосын аршқа истиуа

174

етті»

де-

ген аятқа қатысты былай дейді: «Бұл жерде Сәлафус-

салихтардың – Малики, әл-Аузағи, әс-Сәури, Ләйс ибн

Саъд және Шафиғи, Ахмед, Исхақ ибн Раһауия һәм

басқа да бұрынғы әрі қазіргі мұсылман имамдарының

175

жолын ұстанамыз. Ол жол – мұндай (Алла Тағалаға

қатысты айтылған мүтәшабиһ) аяттардың қалайлығын

(яғни, онда айтылған сипаттың Алла Тағала үшін белгілі

бір кейіпте болатындығын) қабылдамастан

әрі Жаратушыны жаратылғандарға ұқсатпастан

және аятта айтылған сөздердің Алла мұрат еткен

мағынасын жоққа шығармастан

үстірт оқып қана

өту. Аятта қолданылған сөздердің Мүшаббиһиндердің

176

санасына сап ете түсетін тура мағынасы (орнығу, оты-

ру, жайғасу) Жаратушыға лайық емес. Өйткені Алла

Тағалаға жаратылғандардың ешқайсысы ұқсамайды.

«Алла Тағалаға еш нәрсе ұқсамайды. Ол толық

172

«Уақиға»

сүресі, 85-аят.

173

Ибн Кәсир, Тафсирул-Құранил-азим, 4-том, 280-бет.

«Дарул-

Кутубил-илмия»

баспасы, Бәйрут, 1997ж.

174

Истиуа – сөзінің тура мағынасы

«отырды, орнықты, жайғасты»

дегенге саяды.

175

Мұсылман имамдары – негізгі ғалымдары.

176

Мүшаббиһиндер

Алланы

басқа

жаратылғандарға

ұқсататындар.