148
Дін мен Діл
естиді әрі көреді»
177
.
Керісінше бұл жерде имамдардың
(мұсылмандардың негізгі ғұламалары) олардың ішінде
Бұхаридің ұстазы Наъим ибн Хаммадул-Хуззаъидың
айтқанындай:
«Кімде кім Алланы жаратылғандарға
ұқсатса, кәпір болады. Сондай-ақ кімде кім Алланың өзін
сипаттаған сипаттарын жоққа шығарса, ол да кәпір
болады. Алла Тағаланың өзін сипаттаған ешбір аятын-
да және пайғамбардың ешбір хадисінде Жаратушыны
жаратылғандарға ұқсату жоқ. Кімде кім анық аяттар-
да және сахих хадистерде айтылған сипаттарды Алла
Тағаланың ұлықтығына жарасатын мағынада бар деп
қабылдаса әрі Алла Тағалаға лайық емес (отыру, орнығу,
жайғасу сияқты) кемшіліктерді жоққа шығарса, ондай
адам нағыз тура жолды ұстанған болады»
178
.
Имам Шәукани да кей аяттарда сәлафтардың жолын
ұстанып, тәуил жасаудан бас тартса, енді бір жерлерде
сөздің ауыспалы мағынасы мен астарлы мәніне үңіліп,
жорамалға барған. Мысалы, имам Шәукани «
Барлық
билік пен басқару қолында болған Алла Тағала өте
ұлы әрі берекет иесі»
179
деген аяттағы
«қолында»
де-
ген сөзді тура мағынада емес, ауыспалы мағынада
«иесі,
құдірет»
секілді мағынада екенін білдірген
180
.
Қазақ та
«қол»
сөзін көбіне
«күш», «иелік», «билік»
секілді ауыспалы мағынада қолданады. Мысалы,
«қол
жинап келді»
дегенде,
«әскер, күш»
жинап келгендігін
түсінген. Махамбеттің:
«Артымнан келіп қол жетті,
Аз жетпеді мол жетті»
деген жыр жолдары да осы
177
«Шура»
сүресі, 11-аят.
178
Ибн Кәсир, Тафсирул-Құранил-азим, 2-том, 213-бет,
«Ағраф»
сүресінің 54-аятының тәпсірі.
«Дарул-Кутубил-илмия»
баспасы,
Бәйрут, 1997ж.
179
«Мүлк»
сүресі, 1-аят.
180
Мұхаммед ибн Али ибн Мұхаммед әш-Шаукани, Фатхул-қадир,
5-том, 258-бет.
«Дарул-фикр»
баспасы, Бәйрут.