153
Дін мен Діл
болып шыға келеді
187
. Әлі есімде, әл-Әзһар университетін
тәмамдап келіп, «Нұр-Мүбәрак» университетінде ұстаз
болып қызметке орналасқан кезім еді. Қыркүйек ай-
ында жүргізілген алғашқы сабақтарымның бірінде
шәкірттерім
«Алланың саусағы, қолы, көзі, жүзі бар
ма?»
деп сұрақ қойды. Мен бұл сұрақты сабақ бастал-
май жатып сұрағандарына таң қалдым. Сөйтсем, өзін
сәлафи ақидасын ұстанамын деп жүрген бір қазақ жігіті
менің алдымда ғана оларға дәріс оқып шыққан екен.
Шәкірттерімнің дәптерлерін қарасам,
«Алланың қолы
олардың қолдарының үстінде»
деген секілді аяттар мен
«Адам ұрпақтарының жүректерінің бәрі Алланың екі
саусағының арасында тұрады..»
деген тәрізді хадистерді
тізбектеп тұрып жазғызып, оларды тура мағынасы бой-
ынша түсіндіріпті. Бұл қазақ жігіті кейіннен өзінің бет
пердесін ашқаннан кейін жұмыстан аластатылды. Менің
айтайын дегенім, бұл күрделі мәселе неліктен алғашқы
дәрісте түсіндіріліп отыр. Себебі, олардың пайымдауын-
ша, бұл өте өзекті мәселе. Өздері секілді ойламағандардың
бәрі адасушылар. Әйтпесе, Құранның айқын аяттарын-
да білдірілген Алланың кемел сипаттарын әлі жете та-
нып, исламның негізгі құндылықтарын біле қоймаған
университеттің табалдырығын жаңа аттаған шәкірттерге
мұны алғашқы дәрісте түсіндірмесе керек-ті. Мысырда
да бұл ағымның өкілдері кездеседі. Оларға
«әл-Әзһар
университетінде оқитын едім десең, онда сенің ақидаң
дұрыс емес болды ғой. Ол жерде Әшғари ақидасы
оқытылады»
деп шыға келеді.
187
Алланы төбеміздегі аспанда деп пайымдау астрономия ғылымы
тұрғысынан да қате. Себебі жер шары домалақ болғандықтан,
аспан да салыстырмалы түрде әр жақта болады. Яғни, жердің
мына бетіндегі адамның аспан деп көрсеткен жоғарғы жағы
жердің арғы бетіндегі адам үшін төменгі жақ болып саналады.