Previous Page  156 / 288 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 156 / 288 Next Page
Page Background

156

Дін мен Діл

белгілі бір кейіп Аллаға жүрмейді» десе, біз олармен

келісер едік. Сәлафус-салих ғалымдарына жататын

Әбу Ханифа өзінің шәкірттеріне қалдырған өсиеттерін

қамтыған

«Әл-уасия»

кітабында былай дейді:

«Біз Алла

Тағаланың аршқа истиуа еткеніне сенеміз. Бірақ ол ис-

тиуа аршқа қажеттілік болмастан әрі оған жайғасып,

орнықпастан жүзеге асқан. Алла Тағала мұқтаж болма-

стан арштың да, басқаның да сақтаушысы. Егер Алла

Тағала мұқтаж болғанда, әлемді жаратуға да, әрі оны

басқаруға да басқа жаратылғандар тәрізді құдіреті

жетпес еді. Егер ол отыруға, жайғасуға мұқтаж бол-

са, онда Алла Тағала аршты жаратпас бұрын қайда

еді? Алла Тағала одан (отыру мен мұқтаж болудан) пәк

әрі ұлы»

191

.

Байқағанымыздай, табиғинге жататын, яғни сәлаф

деген атауға анық лайық Әбу Ханифа

«истиуаны»

«орнығу, отыру, жайғасу»

мағынасындағы

«истиқрар»

емес екенін түсіндіріп отыр. Ал бүгінгі біздің ғана

ақидамыз түзу деп, басқаларын адасуға жатқызатындар

«истиуаны»

истиқрар деп түсіндіріп жүр. Бұл сонда

қандай сәлафи ақидасы?

Олар хабари сипатты білдіретін сөздердің тура

мағынасын жоққа шығармаймыз, қандай мағынада

айтылғанын да білеміз, тек нендей кейіпте болатындығын

ғана білмейміз дейді. Олардың

«Алланың өзіне лайық

көзі бар, бірақ біздің көзіміз сияқты емес»

немесе

«Алла

аршқа орнығып, жайғасты, бірақ біздің орнығуымыз бен

жайғасуымызға ұқсамайды»

деген сөздеріндегі

«Алланың

өзіне лайық»

және

«біздікіне ұқсамайды»

деген тәрізді,

бір қарағанда, Алланы пәктеу секілді көрінетін мұндай

191

Әкмалуд-дин Мұхаммед ибн Мұхаммед әл-ханафи, Шарху

уасиятил-имам Әби Ханифати, 52-бет.

«Дарул-фатх»

баспасы,

Египет 2009 ж.