157
Дін мен Діл
сөздеріне қарапайым халық алданып қалады. Шынтуай-
тында,
«Алланың өзіне лайық көзі бар»
деген кезде мейлі
ол біздікіне яки кез-келген басқа жаратылыстың көзіне
ұқсамай-ақ қойсын, Бірақ жалпы көздің тілдегі тура
мағынасы, жалпы ұғымы көру құралы, арнайы ағза емес
пе? Ендеше,
«көз»
сөзінің ағза немесе құрал ретіндегі
тура мағынасы Алла үшін мүмкін емес. Аллаға мұндай
мұқтаждықты білдіретін мағынаны таңуға болмайды.
Себебі, Алла ешбір құрал, ағзасыз-ақ толық көреді, біледі.
«Һидаяға» «Фатхул-қадир»
атты кең түсіндірме жасаған
ханафи ғалымы әл-Кәмал Ибнул-Һүмам былай дейді:
«Саусақ та, қол да Алла Тағаланың сипаты. Бірақ ағза
мағынасында емес. Керісінше Алланың ұлықтығына
лайық түрде. Кемшіліктен пәк Алла ең дұрысын
біледі»
192
. Егер олар Ибнул-Һүмам секілді
«Алланың
қолы бар, бірақ ағза мағынасында емес»
десе де келісуге
болар еді. Алайда олар аяттағы
«қолдың»
мағынасын
білеміз, бірақ біздікіне ұқсамайды дейді, өзіне жарасатын
түрде деп Алланы пәктеген болады. Құранда кәпірлерге
қаратыла:
«Олар Алланы ұмытты, сондықтан Алла
да оларды ұмытты (тәрк қылды)»
193
, «Олардың бұл
күнгі кездесулерін ұмытқанындай біз де оларды
ұмытамыз (тәрк қыламыз)»
194
деген аяттардағы
Аллаға байланыстырылып қолданылған
«ұмытты»
сөзі тура мағынасында емес, тәрк ету, рақымына ал-
мау мағынасында. Мұны барлық ғұламалар осылай
192
Юсуф әл-Қарадауи, фусулун фил-ақидати байнас-сәлафи уәл-
халаф, 47-бет.
«Мәктабату уәһба»
баспасы, Каир қаласы, 2006ж.
193
«Тәуба»
сүресі, 67-аят.
194
«Ағраф»
сүресі, 51-аят. Ескерту: Тақырып түсінікті болу үшін
«ұмытты», «ұмытамыз»
деп сөздің тура мағынасы бойынша
аударып, жақшаның ішінде
«тәрк қылды», «тәрк қыламыз»
деп
ауыспалы мағынасын бердік. Дұрысы дереу тәрк қыламыз деп
мұрат болған мағына бойынша аудару.