Previous Page  159 / 288 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 159 / 288 Next Page
Page Background

159

Дін мен Діл

егер сендер өздерің айтқандай

«Алланың қолы, көзі»

дегендегі

«қол» мен «көз»

сөздерінің тура мағынасын

жоққа шығармасаңдар әрі олардың мағынасын біліп,

түсінген болсаңдар, онда бізге бұл сөздерден түсінген

мағыналарыңды айтып беріңдерші. Ескерте кетейік,

біз олардан Алланың қолы мен көзінің қандай кейіпте

болатындығын айтып беріңдер деп отырған жоқпыз. Тек

қол мен көздің өздері түсінген жалпы мағынасын айтып

беруді талап етіп отырмыз. Олар бұл сұрағымызға

«көру

мен ұстауға арналған «ағза, құрал» мағынасында»

депжа-

уап берсе, онда олардың адасқандықтарына басқа дәлел-

дің қажеті жоқ.

196

Себебі, Алланың көзі мен қолы біздің,

тіпті ешбір жаратылыстың көзі мен қолына ұқсамайақ

қойсын, оның жалпы ұғымы мұқтаждықты, денені әрі

бөлшектерден құралғандықты білдіреді. Міне сондықтан

көзі жоқ адам соқыр, қолы жоқ адам мүгедек болады. Ал

Алла еш бір нәрсеге мұқтаж емес, дене ұғымынан да пәк.

Ол еш нәрсеге ұқсамайды. Алла көреді, бірақ көру үшін

белгілі бір ағза мен құралға әсте мұқтаж емес. Алла жа-

ратады, істейді бірақ жарату, істеу үшін қолға да, ешбір

құралға да мұқтаж емес.

Ал егер олар

«қол мен көз ағза мағынасында емес»

деп жауап берсе, онда бастағы айтқан

«тура мағынасын

жоққа шығармаймыз»

деген сөздеріне өздері қайшы

келіп отырғандықтарын естеріне саламыз. Себебі, қол мен

көздің тура мағынасы белгілі бір ағзаны ғана білдіреді.

196

Мұхаммед НаъимМұхамед өзінің «

әл-Қанун фи ъақайдил-фирақи

уәл-мәзаһибил-исламия»

деген кітабында басынан өткен мына

оқиғаны жазады:

«Олардың бір доктор дәрежесіндегі әрі бір

институттың директоры болып жұмыс істейтін біреуімен осы

мәселеде пікір таластырған едім. Ол менің дәлелдермен жасаған

қысымымнан соң «Иә, Оның қолы бар. Яғни, ағза, бірақ біздің

ағзамыз сияқты емес» деп айтуға мәжбүр болды. Мен қайта-

қайта сұрап едім ол әлгі сөзін тағы да қайталады. Ол өзінің «көз

бен қол» дың мағынасын білетінін айтудан бас тартпады».