163
Дін мен Діл
әрі Алланың елшісінен жеткеннің бәріне Алла елшісінің
мұрат еткен мағынасы бойынша иман келтірдім»
200
,
– деп сөздің тура мағынасы бойынша емес, Алла мен
Оның елшісінің мұрат еткен мағынасы бойынша иман
келтірген.
Әбу Жәғфар әт-Тахауи:
«Бұл тақырыпта Алла
елшісінен сахих хадиспен жеткеннің барлығы – оның
айтқанындай және мағынасы оның қалағанындай...»
201
,
– деген.
Тирмизи өзінің хадис жинағында былай дейді:
«Ха-
бари сипаттарға қатысты Суфиянус-сәури, Мәлик ибн
Әнас, Ибн Мүбәрак, Ибн Ъуиайна және Уәкиъ сынды
тағы басқа ғылым иелерінің ұстанған жолы мынадай:
олар бұл нәрселерді риуаят етті және былай деді: бұл
хадистерді риуаят етеміз әрі иман келтіреміз. «Қандай
кейіпте болады?» деп айтылмайды». Міне, бұл әһлі-
хадистің таңдаған жолы. Яғни, бұл нәрселер қалай келсе
дәл солай риуаят етіледі де, оған солай иман келтіріледі.
Түсіндірілмейді әрі Алланы басқа жаратылыстарға
ұқсататын тура мағынасыжоққа шығаралады. «Қандай
кейіпте болады?» деп айтылмайды. Міне бұл ғылым
иелерінің таңдаған жолы»
202
.
Хадис саласының белді де белгілі ғалымы имам әл-
Бәйһақи былай дейді:
«Жалпы алғанда мынаны білу ке-
рек, Алла Тағаланың истиуа етуі бұл қисықтың түзелуі
немесе белгілі бір мекенде орнығу, жайғасу да, ешбір
жаратылысқа тию (арқылы отыру да) емес. Бірақ ол
200
Сайф ибн Али әл-Ъасри, әл-Қаулут-Тәмаму би исбатит-тафуид
мәзһабан лис-сәлафил-кирам, 141-бет.
«Дәрул-фақиһ»
баспасы,
Әбу Заби, 2009 ж. (Ләмъатул-иътиқад, 10-бет. )
201
Әби Хафсин Сиражиддин Умар ибн Исхақ әл-Ғазнауий әл-
Һинди, Шархул ақидати әл-имамит-Тахауий, 80-бет.
«Дәрул-
Караз»
баспасы, Каир, 2009 ж.
202
Сунанут-Тирмизи, Китабуз-Зәкат, 662 –хадис.