Previous Page  167 / 288 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 167 / 288 Next Page
Page Background

167

Дін мен Діл

мағынасын таңдаған. Сонда

«қиыншылық айқындалған

(қиямет) күні»

дегенді білдіреді. Дәл осы аятты Әбу

Мұса әл-Ашъаридың:

«үлкен нұр көрінген сәтте» деп

тәпсірлегендігі риуаят етілген

213

.

әл-Бәйһақи Ибн Аббастың:

«Сендерге Құранның

әлдебір сөзі түсініксіз болса, онда өлең, жырларға

қараңдар. Себебі, олар арабтың диуаны»

дегенін дұрыс

риуаят тізбегімен жеткізген.

Имам Бұхари пайғамбарымыздың (с.а.у.)

«Алла

Тағала екі адамға күледі...»

деген хадисіндегі

«Алла Тағаланың күлуін» «Алла рақым етеді»

деп

жорамалдаған

214

.

Ибн Кәсир өзінің

«әл-Бидая уән-ниһая»

кітабында

имам Ахмед ибн Ханбалдың Құранның

«Раббың келді»

деген аятын Жаратушының өзінің келуі деген тікелей

мағынасын емес,

«Жаратушының сауабы келді»

деп

жорамалдағанын жазған. Себебі, дененің қозғалуымен

жүзеге асатын келу бұл мұқтаждықтан туындайтын

жаратылғандарға тиесілі әрекет. Алла Тағаланың барлық

мекенге құзіреті жүргендіктен, бір жерден екінші жерге

бару секілді дене иелеріне тән мұқтаждықтан ада.

Имам Хасан Басри:

«Раббың келді»

215

деген аят-

ты

«Раббыңның әмірі мен үкімі келді»

деп жорамал

жасаған

216

.

Табиғиндердің атақты тәпсір ғалымы Мүжәһид

«Қайда бұрылсаңдар да Алланың уәжһі (жүзі) сонда»

213

Мұхаммед Наъим Мұхамед, әл-Қанун фи ъақайдил-фирақи

уәл-мәзаһибил-исламия, 414-бет.

«Дәрус-салам»

баспасы,

Египет, 2007 ж.

214

Фатхул-бари 7/82.

215

«Фажр»

сүресі, 22-аят.

216

Мұхаммед Наъим Мұхамед, әл-Қанун фи ъақайдил-фирақи уәл-

мәзаһибил-исламия, 414-бет.

«Дәрус-салам»

баспасы, Египет,

2007 ж.