Previous Page  173 / 288 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 173 / 288 Next Page
Page Background

173

Пайғамбарымыздың:

«Кімде-

кімді адамдардың тік тұрып

(қарсы алуы) қуантса, ондай адам

тозақтан өзіне орын дайындасын»

делінген хадисін қалай түсінуіміз

керек. Сырттан келген кісіге

орнымыздан тұрып құрмет көрсетудің

үкімі қандай? Мектепте оқушылардың

ұстаздарына орындарынан тұрып құрмет

көрсетуі дұрыс па?

Жоғарыдағы хадис әт-Тирмизидің жинағында және

Муғжамут-Табарани сияқты хадис кітаптарында келген.

Хадис Әбу Мижләздан риуаят етілді. Бір күні

Муғауия келген кезде оны көрген Абдуллаһ ибн Зубәйр

мен Ибн Сафуан орындарынан тұрып (амандасады).

Муғауия болса

«Отырыңдар, пайғамбарымыздың былай

дегенін естідім»

деп жоғарыдағы хадисті айтқан:

«Кімде-

кімді адамдардың тік тұрып (қарсы алуы) қуантса, он-

дай адам тозақтан өзіне орын дайындасын»

222

.

Хадистің әрбір сөзіне жіті назар аударар болсақ, бұл

жерде адамдардың араларына келген кісіні тұрып қарсы

алуларының дұрыс еместігі айтылмаған. Керісінше,

222

Мухаммед ибн Иса Әбу Иса әт-Тирмизи, Сунанут-тирмиз, 5-том,

90-бет.

«Дарул-ихиаайт-турасил-араби»

баспасы, Бәйрут.