Previous Page  178 / 288 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 178 / 288 Next Page
Page Background

178

Дін мен Діл

үлкендерімізді құрметтеуге шақырғанындай, сырттан

келген кісіге, әсіресе, жасы үлкен яки сыйлы немесе

білім иесі, тақуа жандарға тұру арқылы құрмет көрсету

– мұстахаб амалға, яғни, жақсы, хош іс-әрекетке жатады.

Бірақ кірген адам отырған кісілердің өзіне бұлай тұрып

құрмет көрсетуін күтпеуі тиіс. Тіпті,

«әуре болмаңдар!»

дегендей сөздермен орындарынан тұрмауларын өтінгені

де жөн. Әлсіз хадисте, Пайғамбарымыз (с.а.у.) өзіне

құрмет ниетімен тұрмақшы болған сахабаларына:

«Өзге

ел адамдарының бір-бірін ұлықтап орындарынан

тұрғандарындай орындарыңнан тұрмаңдар»

230

деп

орындарынан тұрмауды бұйырған. Пайғамбарымыз өзіне

тұрып құрмет көрсетуді ұнатпағандықтан сахабалар да

орындарынан тұрмайтын еді

231

. Оның (с.а.у.) ұнатпауы

аса кішіпейілділігінен туындаған еді.

Иә, кірген адам отырған адамдардың орындарынан

тұрып, өзіне құрмет көрсетуін күтпеуі тиіс. Ал орындары-

нан тұруларын талап ету немесе орнынан тұрған кісілердің

бұл әрекетіне риза кейіп танытып қуану жоғарыдағы ха-

дисте білдірілгендей, тәкаппарлық болғандықтан – харам.

Ал егер кірген кісі жасы үлкен немесе сыйлы, яки білімді,

тақуа жан болса, отырған адамдардың құрмет ретінде

түрегелуі – мұстахаб.

Қысқасы, әр кісі өзіне жарасар іс-әрекетті жасағаны

жөн.

230

Сунану Әби Дәуід. 4-том, 358-бет.

«Дәрул-фикр»

баспасы.

231

Мухаммед ибн Иса Әбу Иса әт-Тирмизи, Сунанут-тирмиз, 5-том,

90-бет.

«Дарул-ихиаайт-турасил-араби»

баспасы, Бәйрут.