179
Тақуа яки, сыйлы қария кісілердің
қолын сүю арқылы оларға құрмет
көрсетуге бола ма?
Тақуа яки, сыйлы қария кісілердің немесе шәкірттің
ұстазының қолын сүю арқылы құрмет көрсету – діни
міндет емес. Бұған байланысты Пайғамбарымыздың
(с.а.у.) бізге жеткен ешбір хадисінде тікелей бұйрығы
жоқ. Алайда төмендегі хадистерден жалпы қол сүйіп,
құрметтеуге байланысты пайғамбарымыздың рұқсатын
және кейбір сахабалардың бір-бірінің қолын сүю арқылы
құрмет көрсеткенін байқаймыз. Бірақ бұл жерде ескерте
кететін жайт үлкендер қолдарының сүйілуін, өздеріне со-
лай құрмет көрсетілуін іштей қаламауы тиіс.
Имам Бухари өзінің
«Әл-адабул-мұфрад»
атты
кітабында
«қолды сүю»
бабында мына хадистерді
келтіреді:
Уазиғ ибн Амр былай деді:
«Біз Мәдина қаласына ке-
лер келмес, бізге «Алланың елшісі әне, ана кісі» делінді. Біз
пайғамбарымыздың қол-аяғын сүйе бастадық»
232
.
232
әл-Бухари, әл-адабул-мұфрад, 210-бет.
«Кутубус-сақафафия»
баспасы, Бәйрут, 1986ж.