Previous Page  174 / 288 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 174 / 288 Next Page
Page Background

174

Дін мен Діл

отырған адамдардың қаздай тізіліп, тік тұрып қарсы алу-

ын жаны қатты қалайтын, тіпті, олардың осындай әуреге

түсіп жатқанын көріп сүйсінетін, елден үнемі осын-

дай құрмет күткен тәкаппар пенденің тозақтық екендігі

ескертілген. Яғни, бұл жерде кісіні тозақтық еткен қылық

– тұрып қарсы алу емес, жоғарыдағы хадистің

«қуантса»

деген сөзінен байқағанымыздай, өзге жандардың өзіне

осылай құрмет көрсетуін күткен пенденің өркөкіректік

пен тәкаппарлық ниеті. Әйтпесе, құрмет көрсету ниетімен

кісіні тұрып қарсы алудың – тозаққа апаратындай ауыр

күнә емес екендігі бесенеден белгілі.

Иә, пенденің елді өзінен төмен санау пиғылы,

өркөкірек ниеті – бұл адамның жандүниесіндегі рухани

дерт. Мұндай дерттің адамды тозаққа жетелейтіндігі

Алла елшісінің көптеген хадистерінде білдірілген. Мыса-

лы, пайғамбарымыз (с.а.у.):

««Кім де-кімнің жүрегінде

тозаңдай өркөкіректік болса, ол кісі жұмаққа

кірмейді»

223

деп тәкаппарлықты қатаң ескерткен.

Келген кісіні тұрып қарсы алудың үкімі жайлы

Имам ән-Нәуауий өзінің

«әл-Әзкар»

атты кітабында

былай дейді:

«Сырттан кірген кісіге құрмет ретінде

орыннан тұруға байланысты біздің таңдаған пікіріміз

мынандай: «Білім иесіне немесе тақуа, әулие яки сыйлы

т.с.с кісілерге құрмет мақсатында тұру – мұстахаб. Ал

көзбояушылық не ұлықтау мақсатында орыннан тұруға

болмайды. (Кісі кіргенде орыннан тұруға байланысты)

бұрынғылар (сәлаф) мен кейінгілердің (халаф) ісі осы

үлгіде жалғасып келеді»

224

.

223

Әл-имам Мухиддин Әбу Зәкәрия Иахия ибн Шәраф ән-Науауий,

Шарх Сахихи Муслим, 1,2-том, 275-бет. «

Дәрул-мағрифа»

баспа-

сы, Бәйрут, 2007 ж.

224

Әбут-Таййб Мухаммед Шәмсул-Хаққил-Азим әл-Әәбаадий,

Аъунул-Маъбууд Шәрху сунани Әби Дәуіт, 14-том, 99-бет.

«Дәрул-фикр»

баспасы, Бәйрут.