Previous Page  177 / 288 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 177 / 288 Next Page
Page Background

177

Дін мен Діл

үшін осылай айтқанын алға тартады. Алайда ансарлық

мұсылмандардың орындарынан тұрулары Саъд ибн

Муъаздың көлігінен түсуіне көмектесу үшін ғана болма-

ған. Олай дейтініміз, Абдул-Әшһал ұрпақтарының кейбір

кісілері: екі сапқа жарылып түрегеп тұрғандықтарын

және әрқайсысының Саъд ибн Муъазға сәлем берген-

дерін айтады

228

. Пайғамбарымыз Саъд ибн Муъаздан өзге

сахабаларына

«мырза»

деген сөзді қолданғанына байла-

нысты риуаят жоқ. Ендеше, Пайғамбарымыздың (с.а.у.)

Саъд ибн Муъазға арнап айтқан,

«мырзаларыңа»

деген

сөзінің құрмет үшін екенін ескерер болсақ,

«тұрыңдар»

деп талап етуінің де

«құрмет»

мақсатында екенін аңғару

қиын емес.

3. әл-Бұхари және Муслимде риуаят етілгендей Каъб

ибн Мәлік атты сахабаға өзінің жасаған ағаттығының

жазасы ретінде мұсылмандармен араласуға тыйым

салынған еді. Қатты өкініп, күндіз-түні тәуба тілеген

бұл сахабаға елу шақты күннен кейін тәубасының қабыл

болғандығын білдіріп арнайы аят түседі. Мұны естіп

алып-ұшып мешітке келген Кәъб ибн Мәлікті көрген

Талха атты сахаба дереу орнынан тұрады да жылдам ба-

рып оның қолын алып тәубасының қабыл болғаны үшін

құттықтайды

229

. Ғұламалар құттықтау мақсатында кісіге

тұрудың шариғатта рұқсат екендігіне осы оқиғаны дәлел

ретінде келтіреді. Себебі, егер жалпылай тұру анық ха-

рам болғанда, Пайғамбарымыз (с.а.у.) Талханың бұл ісіне

қарсылық танытып, дереу ескерту жасар еді.

Сөз

түйіні,

Пайғамбарымыздың

(с.а.у.):

«Кішілерімізге мейірімділік танытып, үлкендеріміздің

қадір-қасиетін білмеген адам бізден емес»

деп

228

Мағазил-Уақиди, 1-том, 512-бет. Қосымша қараңыз: Субулул-

һуда уәр-рашад, 5-том, 254-бет.

229

Сахихул-Бұхари, 4-том, 1607-бет.

«Дару ибни Кәсир»

баспасы,

Бәйрут, 1987 ж.