175
Дін мен Діл
Иә, сырттан келген кісіге құрмет ниетінде тұру –
мұстахаб. Қазақта сырттан келген кісімен, әсіресе жасы
өзінен үлкен адаммен немесе сыйлы, тақуа т.с.с. адам-
дармен тұрып амандасады. Тіпті, қонағыңды яки кей
танысыңды тұрып қарсы алмау – жақтырмай тұрғанға
есептеледі.
«Әр елдің салты басқа, иті қара қасқа»
демекші дініміздің қатаң тыймаған мұндай істерде әр ел
өзінде қалыптасқан әдетке жүгінгені жөн.
Бұл жайлы имам ән-Нәуауий былай дейді:
«Сырт-
тан кірген кісіге тұру – әдет ретінде арабтарда жоқ.
Тіпті, сахабалар Әнастан (р.а.) риуаят етілгендей
пайғамбарымызға (с.а.у.) кей жағдайда тұрмайтын.
Бірақ бұған байланысты жалпылай тыйым жоқ
болғандықтан, сырттан келген кісіге орыннан тұрып
құрмет көрсетуді әдет еткен елдер үшін мұның
ешқандай ағаттығы жоқ. Себебі, орыннан тұрудан
мақсат – құрмет, ізет, көңілді хош ету»
225
.
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) өзі кей кісілерді тұрып
қарсы алғаны, тіпті, кей жағдайда тұрып құрмет көр-
сетуге шақырғаны жайлы риуаяттар бар. Мысалы,
1. Әбу Дәуід және басқа да хадис жинақтарында
Айша анамыздан мынандай сахих хадис риуаят етілді.
225
Имам Әбу Хамид Мухаммед әл-Ғазали, Ихиаауд-дин, 2-том, 305-
бет, 268-бет.
«Дәрул-маърифа»
баспасы, Бәйрут.