Previous Page  170 / 288 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 170 / 288 Next Page
Page Background

170

Дін мен Діл

Ал енді мәтуруди ақидасын ұстанғаны үшін

Абайымыздан айырылсақ, Әшғари мен Мәтуруди

ақидасын ұстанғандығын алға тартып бүгін тәпсір,

хадистерін оқып жүрген исламның белді де беделді

ғалымдарынан айнысақ, бұл біздің білімділігімізді

көрсетеді ме, жоқ әлде сыңар езу жазылған бір-екі

кітапты оқып, әлдібіреулердің ықпалынан аса алмаған

сауатсыздығымызды білдіреді ме?

Сондай-ақ, сөздің ауыспалы мағынасына жүгініп,

тәуил жасауды адасуға санайтын бұл ағым өздерінің

осы ұстанымдарына шынымен берік болса, онда

Құранның кейбір аяттарына мүлде тәуил жасамаула-

ры керек еді. Алайда олар

«Хадид»

сүресінің:

«Сендер

қайда болсаңдар да Алла сендермен бірге»

219

деген

аятын

«Алла олармен өзінің білуі мен көруімен

бірге»

деп анық жорамал жасаған. Сондай-ақ,

«Тәуба»

сүресінің:

«Олар Алланы ұмытты, сондықтан Алла

да оларды ұмытты»

220

деген аятын

«Олар Алланы

ұмытты, сондықтан Алла да оларды тәрк қылды»

деп

жорамалдаған.

Сөз соңы, хабари сипаттарға байланысты мәселелерді

исламның негізгі мәселесіне айналдырмауымыз ләзім.

Қажет болмаған жағдайда оларды қарапайым халыққа

түсіндірмеген жөн. Ал қажет жағдайда қарау керек.

Санаға сөздің тура мағынасынан бұрын ауыспалы

мағынасы келетін тұстарда, халафтардың жолын таңдаған

абзал. Бұл, әсіресе, қарапайым халықтың дұрыс ақидасын

сақтау үшін Құран мен хадис аудармаларында өте қажет.

Әрине таңдалған ауыспалы мағына, ең әуелі, Алланың

анық аяттарында білдірілген кемел сипаттарына әрі араб

тілінің қағидаттарына қайшы келмеуін басты назарда

ұстау керек.

219

«Хадид»

сүресі, 4-аят.

220

«Тәуба»

сүресі, 67-аят.