185
Дін мен Діл
ширкке яки харамға шығарар болсақ, онда құшақтап аман-
дасу мен беттен сүюді де ширкке яки харамға шығаруға
тура келеді. Себебі, Пайғамбарымыз
«Оны құшақтап
(бетінен) сүйеді ме?»
деген сауалға да
«жоқ»
деп жау-
ап берген. Алайда құшақтап амандасуды ешбір ғалым
ширк яки харам демеген. Керісінше пайғамбарымыз бен
ардақты сахабалардың сапардан келген кісіні тұрып
қарсы алып, құшақтап амандасқандықтары жайлы:
«Пайғамбарымыздың (с.а.у.) сахабалары бір-бірімен
кездескенде қол алысып амандасатын. Ал сапар-
дан оралған кезде бір-бірімен құшақтасып аманда-
сатын»
делінген сахих риуаяттар бар
240
. Олай болса,
пайғамбарымыздың
«жоқ»
деген жауабын негізге алып,
иіліп сәлем берудің Жаратқанға серік қосуға яғи харамға
шығарылмайтындығы анық. Яғни, екі сұрақтың да жа-
уабы бірдей болғандықтан үкімдері де бірдей яки ұсқас
болуға тиіс.
Үшіншіден, хадисте
«иілудің»
нақты мөлшері
көрсетілмеген. Бәлкім, хадисте айтылған
«иілу»
намаздағы ерлердің рүкуғ деңгейіндегі иілу болуы да
мүмкін. Сондықтан рүкуғ деңгейіне жетпейтін иілудің
үкіміне мүлдем өзгеше қарауға да болады. Қазіргі
таңда адамдар бір-бірімен амандасқанда, әсіресе жастар
үлкендермен амандасқанда бастарымен қоса кеуделерін
сәл иетіндігі мәлім. Ал мұны ешкім
ширкке
яки,
харамға
есептемеуде. Ал егер жалпы иілу харам болғанда, бұл да
харам болар еді.
Имамән-Нәуауийсекілді исламғұламаларыжоғарыда
келтірілген хадистің дәрежесін әрі пайғамбарымыздың
240
әл-Муғжамул-әусат лит-Табарани, 1-том, 37-бет. «
Дарул-
харамайн»
баспасы, Каир, 1415 ж. Бұл хадисті хафиз әл-
Хайсами
«сахих»
деп бағалады. (әл-Мәжмаъуз-зәуайд уә
мәнбаъул-фауайд, 8-том, 36-бет,
«Дарул-раййан лит-турас»,
«Дәрул-Куттаб»
баспасы, Бәйрут, Каир, 1407ж.)